Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Абдіров Нурлан Мажітұлы музей экспозициясымен танысты.
Сапар барысында Нұрлан мырза музейдің Қазақстан бейнелеу өнері, Ресей және Батыс Еуропа өнерінің бірегей коллекцияларын тамашалады. Ол қаламызға 500-ден астам кескіндеме, графика және басқа да өнер туындыларын сыйлағаған Невзоровтар отбасының жинағының маңыздылығын жоғары бағалады.
Мәртебелі мейманға экскурсияны музей директоры Татьяна Александровна Стромская жүргізді. Музейдің негізін қалаушысы Татьяна Александровна Невзоровтар отбасы өз жинақтарын бізге табыстау кезіндегі тарихи шешім қабылдаған сәттері жайлы күндердің тікелей қатысушысы ретінде айқын әңгімелесе, Нұрлан Мәжитұлы бейнелеу өнерінің бағалаушысы – ынтамен тыңдап, сұрақтар қойып, алған әсерлерімен бөлісті.
Әңгіме жылы атмосферада өтті. Нұрлан Мәжітұлы керемет туындылармен танысуға мүмкіндік бергені үшін ризалығын айтып, ал музей ұжымы өз кезегінде мәртебелі мейманға көркем шығармашылыққа деген ілтипаты, құрметі мен өнерге деген сүйіспеншілігі үшін алғысын білдірді.