Жаңалықтар

Абай облысы суретшілерінің бірінші көрме-конкурсының

ЕРЕЖЕСІ

2023

 

Конкурстың құрылтайшылары – «Абай облысының  мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ

Ұйымдастырушы – «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ «Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы» КМҚК

 

Өткізу орны:

Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі, Семей қаласы, Пушкин көшесі, 108

Вернисаж:

12 желтоқсан 2023 жыл

 

Көрме суретшілерге өз туындылары мен шығармашылық табыстарын көрермендердің назарына ұсынуға мүмкіндік беретін дәстүрлі жоба болып табылады. Бұл Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейіндегі алғашқы көрме емес, бірақ жаңа Абай облысында алғаш рет өткізіліп отырған көрме.

Көрермендердің бағалауы, әріптестерінің реакциясы  – бұл одан әрі шығармашылық пен жетілдіру үшін өте сенімді ынталандыру. Көрмелерге қатыса отырып, суретшінің өзіне, жұмысына, шығармашылығына деген сенімі арта түседі. Конкурс сонымен қатар материалдық қолдау, шығармашылық әлеуетті іске асыруға көмек, жасауға және одан әрі жұмыс істеуге мотивация береді.

 

КӨРМЕНІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  • ҚР көркемдік дәстүрлерін, мәдени және рухани мұраларын қолдау және дамыту;
  • бейнелеу өнерін насихаттау және танымал ету;
  • суретшілерді материалды қолдау;
  • суретшілер мен көрермендердің көркемдік өзара әрекеттесуіне және қарым-қатынасына ықпал ететін шығармашылық кеңістік құру;
  • жас перспективалы суретшілерді анықтау және қолдау.

КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Семей қаласы суретшілерінің туындыларының көрмесіне кәсіби суретшілер, әуесқойлар, жоғары оқу орындары мен колледждердің көркемсурет бөлімдерінің бітіруші курс студенттері қатыса алады. Көрмеге жұмыстары Көрме комитетінің алдын ала іріктеуінен өткен авторлар қатысады.

Көрмеге қатысуға қабылданады:

— станокты кескіндеме

баспа графика, бірегей графика

— графикалық дизайн

— инсталляция

— видеоарт

мүсін

 

Көрмеге қатысушылар үшін:

  1. Семей суретшілері:
  • 2023 жылдың 10 қарашасына дейін алдын ала іріктеуге Көрме комитетіне толтырылған өтінімді (1-қосымша, төменде нысан қоса беріледі) ұсыну керек;
  • 2023 жылдың 10 қарашасына дейін көрмеге соңғы екі жылда салынған бейнелеу өнерінің ресімделген және қол қойылған туындыларды (жұмыстың артында Т.А.Ә., туған жылы, жұмыстың атауы, құрылған жылы) ұсынуы қажет. Алдын ала іріктеуге ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді;

 

  1. Облыс өңірлерінен келген суретшілер үшін:

—  2023 жылдың 1 қарашасына дейін көрмеге қатысу үшін алдын ала іріктеу       алдында музедің электрондық мекенжайына muznevz@yandex.ru жұмыстардың фотосуреттерін және толықтырылған өтінішті (1-қосымша, форма төменде қоса беріледі) ұсыну қажет.

Форма: ҚҰЖАТ

—    Іріктелген жұмыстар музейге 2023 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұсынылады

 

Жұмыстарды ресімдеу келесі талаптарға сай болуы керек:

станоктық кескіндеме – рамалар (міндетті түрде шығарманы ілу үшін бекітпелермен бірге)

баспа графикасы, қайталанбас графика – паспарту, пластик немесе шыныға, жеңіл рамаға (ілуге арналған бекітпелермен) ресімделуі жақсырақ

графикалық дизайн – паспарту, пластик немесе шыныға, жеңіл рамаға ресімделуі жақсырақ (ілуге арналған бекітпелермен)

инсталляция – көрмеге дайын түрде ұсынылады;

видеоарт –  AVI форматында ұсынылады (компьютерде көру үшін);

мүсін  (тұрақты, орнықты плинт).

 

Маңызды! Суреттің барлық түрлеріне, соның ішінде кескіндемеде, графикада, мүсінде  тікелей және жанама авторлық құқықты пайдалануға байланысты барлық жауапкершілік видео-, фотосурет, немесе инсталляция элементтері (музыка, видео, фото, хореография және т.б.) өтініш берген авторға жүктеледі.

 

Көрмені өткізу мерзімі мен тәртібі

Көркемсурет көрмесін ұйымдастыру бірнеше кезеңнен тұрады:

I кезең – 2023 жылдың 10 қарашасына дейін (Семей қаласы), 2023 жылдың 1 желтоқсанына дейін (облыс аймағы) көркемсурет көрмесіне қатысуға өтінімдер беру және жұмыстар ұсыну;

II кезең –  көрме комитетінің жұмыстарды іріктеуі;

III кезең – экспозицияны құрастыру және жұмыстарды ілу;

IV кезең – көркемсурет көрмесін өткізу: салтанатты ашылуы –  12 желтоқсан 2023ж., конкурс қорытындысын шығару

 

КӨРМЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

 

  • Көрмеге қатысушыларды сәйкестендіру мақсатында ұйымдастыру комитеті қатысушылардың жеке деректерін жинауға құқылы;
  • Көрменің ұйымдастыру комитеті көрмеге таңдалған өнер туындыларының сақталуын ұйымдастырады;
  • Көрмені ұйымдастыру комитеті көрмені өткізу бойынша құжаттар пакетін әзірлейді;
  • Көрмені ұйымдастыру комитеті көрмені өткізу шарттары мен рәсімдерін айқындайды;
  • Көрмені ұйымдастыру комитеті көрмені ұйымдастырады.

 

 КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Көрмеге қатысушылар құқылы:

  • көрмені өткізудің шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;
  • осы ереженің тармақтарын түсіндіру үшін ұйымдастыру комитетіне жүгінуге;
  • көрмеге қатысуға өтінім жолдауға;

 

 Қатысушылар міндеті:

  • көрме туралы ережемен алдын ала танысуға;
  • көрмеге қатысуға қойылатын талаптарды зерделеуге;
  • осы ереженің талаптарына сәйкес ресімделген өтінімдерді уақтылы ұсынуға;
  • ұйымдастыру комитетінің қатысушымен сауалнамада көрсетілген телефондар арқылы байланысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
  • осы ережеде көзделген шарттар мен процедураларды сақтауға.

 

Қатысушылар сауалнамада көрсетілген ақпараттың дұрыстығына жауапты болады.

 

Ұйымдастыру комитеті, үйлестірушілер

Стромская Татьяна Александровна – Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің директоры  т.35-49-64

Буркитова Гульнар Куандыковна – директордың ғылыми-әдістемелік және көрме жұмысы жөніндегі орынбасары  т.35-39-09

Халитова Ильвира Ахметжановна – ғылыми-зерттеу және көрме жұмысы бөлімінің басшысы  т. 8 777 790 40 01, 35- 39-09

Құрметті достар! Құрметті суретшілер!

Біз сіздерді күтеміз!!!