Сенбі күні өнер сүйер жастар клубының кезекті кездесуі өтті.
Бұл жолы клуб мүшелері импрессионизмнің бастауында тұрған 19 ғасырдың әйгілі француз суретшісі Пьер-Огюст Ренуардың шығармашылығымен танысты. Бұл бағыт еуропалық өнерді импрессионизмге «дейін» және «кейінге» бөлген.
Ренуардың қылқалам көркем туындыларын жазу мәнері мен стилі бойынша емес, керісінше сауықшыл қала өмірінің көңілді көріністерімен тануға болады. Өйткені, сурет ең алдымен көз бен сананы қуантуы керек. Ренуар ешқашан мұңды пейзаждар немесе қайғылы адамдар жазбаған. Кейіпкерлерінің жүздері мен позаларында ол махаббат пен тіршіліктен сезінген ләззатты шақтарын шынайылықпен бейнелеп көрсете білген.
Музей қызметкері, Л.В.Шинжина суретшінің жолындағы кездескен өмірлік және шығармашылық қиындықтар туралы ақпаратпен бөлісті, одан кейін тыңдаушылар Ренуардың ең көрнекті картиналарымен, сондай-ақ Ренуардың туған қаласы, фарфордың астанасы Лимож және өмірінің соңғы жылдарын өткізген Францияның оңтүстігінде орналасқан Кань-сюр-Мер қаласы жайлы кішігірім ақпаратпен танысты.
Кездесу соңында көрермендерге режиссер Жиль Бурдоның «Ренуар. Соңғы махаббат» атты фильмінен үзінділер көрсетілді. Фильм — суретшінің ұзақ уақытқа созылған ауруына қарамастан өзінің сүйікті ісіне берілген бүкіл тұлға болмысы туралы.