Жаңалықтар

   Біз бүгіннен бастап Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейі  жексенбі және дүйсенбіден басқа, күн сайын сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (касса 16.30-ға дейін жұмыс істейді) ашық және қонақтарды қабылдауға дайын екенін қуана хабарлаймыз.

Қазақстан, Батыс Еуропа және орыс өнері экспозицияларының тұрақты бөлімдерінен басқа музейде тағы 2 апта бойы мына көрмелер жұмыстары жалғасатынын еске саламыз:                                                                                                      

  • Ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай әлемі және жолы» музей қорынын шығармалары. Бес экспозициялық залдарда қазақстандық авторлардың 80-нен астам кескіндеме, графика және сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылған, олар ақынның өмір жолын, оның өсіп, қалыптасқан ортасын және оның шығармашылығына әсер-ықпалын тигізген адамдарды байқауға мүмкіндік береді.
  • XIX ғасырдың басындағы француз суретшілерінің суреттері Александр де Лабордтың 1806 жылғы «Испанияның көркем және тарихи жерлеріне саяхат» кітабына суреттер альбомынан алынған. Музей коллекциясында Каталонияның сәулет ескерткіштері бейнеленген 21 парақ бар.
  • Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Қазақстанның жері мен халқы» музей қорындағы кескіндеме және графика жұмыстары. Көрмеде қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның танымал қазақстандық суретшілері мен кеңес дәуірінің жетекші шеберлерінің 30-дан астам туындысы ұсынылған.

Көрмелерді нақты режимде көру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Музейге барудың жаңа ережелері туралы ұмытпаңыз: бетперде режимін сақтау қажеттілігі, кіре-берісте температураны өлшеу, 10 адамнан аспайтын топтарға экскурсия жүргізу және т.б.

Толық ұсынымдармен Сіз музейдің https://nevzorovcollection.org/zhanalyktar/zhadynama?lang=kz сайтында таныса аласыз.