Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған
««Рухани жаңғыру» фотосуретшілердің объективінде»
облыстық көркем фотосурет көрмесінің
БАСПА РЕЛИЗІ
2018 жылғы 30 қараша Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейінде Тұңғыш Президент Күніне арналған «Рухани жаңғыру» фотосуретшілердің объективінде» облыстық көркем фотосурет көрмесі ашылды. Көрмеге Өскемен және Семей қалаларының кәсіби және әуесқой фотографтары қатысты. Авторлардан екі жүзге жуық сурет келіп түсті. Іріктеуден кейін экспозицияға 101 жұмыс қойылып, келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар таңдалды:
CҮЙІКТІ ҚАЛАМ
- I орын Шаяхмет Тлеубек Шаяхметұлы («Менің қалам. Өзен жағалауы — 40 градусов»)
- II орын Артюшина Светлана Викторовна («Күннің батуы. Сабақтар аяқталды»)
- III орын Цыкунов Сергей Степанович («Екі өркениет»)
МЕНІҢ ЗАМАНДАСЫМ
- I орын Кайнаров Мерей Кайнарулы («Бүркіт»)
- II орын Цыкунов Сергей Степанович («Фотосурет естелікке»)
- III орын Неудачин Андрей Владимирович («Ескі құрбыммен»)
РОДНАЯ ЗЕМЛЯ
- I орын Подлеснова Юлия Ивановна («Мейрімділік жолымен»)
- II орын Шаяхмет Тлеубек Шаяхметұлы («Жылқылар»)
- III орын Бирюкова Светлана Владимировна («Қайынды орманы»)
САКРАЛЬДЫ ГЕОГРАФИЯ
- I орын Охотенко Андрей Иванович («Түңгі Марқа көл»)
- II орын Прокопенко Владимир Юрьевич («Қасиетті бұлақ»)
- III орын Жуков Павел Николаевич («Ескі мазарлар»)
Әлемді ерекше көзқараспен қабылдайтын шығармашылық тұлғалар, жиырма тоғыз суретші, көрермендерге туған өлкеге өзінің «объективті» көзқарасын ашты. Олардың шығармалары өзіндік көзқарас пен бейнені немесе сәтті көрсететін көркем фотосуреттер болып табылады. Әр түрлі адамдар орындаған жұмыстар біздің жерімізге, оның тарихына деген махаббат пен сүйспеншілікті біріктіреді.
Туған өлкеміздің табиғаты, біздің қаламыз, оның тарихы және біздің замандастарымыз — шабыт көзі болып табылады. «Фотосуреттер — өткен кезеңге ашық есіктер, алайда олар болашаққа қарауға да мүмкіндік береді». Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейі өз көрмесімен осы есікті ашқандай етіп, көрерменге тарихты сақтаудың ғажайып сәтінің «бірге қатысушысы» болуды ұсынды.