«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №6 мектеп –гимназиясында 3 сынып оқушыларына музей маманы А.Б.Муратбекова «Әбілхан Қастеев-ұлы дала данышпаны» атты дәріс оқыды.
«Мектеп кеме-білім теңіз» — десек, МУЗЕЙ өнер — білім дариясында сол кеменің ескегіндей өз үлесін қосуда … Қаламыздағы білім мен өнер жолында талай талаптылардың жұлдызын жаққан № 6 мектеп гимназиясының 3 «ә» сынып оқушыларына сурет пәнімен ұштастыра отырып сабақ өткізілді. Онда 33 жыл қала тұрғындары мен қонақтарын сонау Батыс Еуропаның XVII- ғасырдан бері келе жатқан әлемдік деңгейдегі және қазіргі заманның майталман суретшілерінің шығармалары шоғырланған Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің қызметкерлері сабақ жүргізді.
Тақырып қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы саңлақ суретшілердің бірі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы жайында өрбіді. 1904 ші жылдың 14 ші қаңтарында туылған Ә. Қастеевке биыл 114 ші қаңтарда келіп жетіпті. Сабақ үстінде экран арқылы фильм және презентация көрсетіліп, дәріс оқылып, викториналық сұрақ-жауап жүргізіліп суретшінің картина репродукцияларынан көрме ұйымдастырылды.
Жасөспірім ұрпақтың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтары, көріп білуге деген асқан талпыныстары, ой талқылаулары кеудеңде мақтаныш сезімін оятса, еліміздің мәдени, рухани құндылықтарының келешекте одан әрі дами түсетіндігіне көз жеткізеді. Білімді, саналы ұрпағымыз ертеңіміздің кемел келешегі деп түсінемін. Музей мен мектеп арасындағы тығыз қарым-қатынас үрдісі жалғасын үзбеген жағдайда, қазіргі ашщы шындық болып отырған әлеуметтік мәселеміз өз шешімін табар еді деген ойдамын. Ғаламтор желісі, компьютер, планшет, ұялы телефондармен уақыттарын өткізбей рухани жаңғыруға, яғни өнерді сүюге арнаса ұрпағымызды түнгі клубтармен виртуалды өмірден емес, мәдениеттің ошағы музейден көреріміз хақ. Дәл осы мәселелердің түйіні шешілсе, біз оларға дұрыс бағыт-бағдар бере білсек еліміз дамыған мемлекеттердің қатарына озық біліммен, рухани мәдениетпен енуі сөзсіз.«Өнерге өзіңді-өзің ерте баулы, Жастықтың бір күн кетер көшіп аулы!»-деп данышпан Мәшһүр Жүсіп айтқандай жасөспірім жеткіншекті жастайынан өнерге баулу аға буынның міндеті.