АраласуЖаңалықтарХабарландыру

«Рухани жанғыру» фотосуретшілердің объективінде

Облыстық көркем фотосурет көрмесі

 

 «Фотосуреттер

–        өткен күндерге ашық есіктер,

бірақ олар болашаққа қарауға мүмкіндік береді»

Салли Манн

 

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Невзоровтар отбасы атындағы  ШҚО бейнелеу өнері музейі облыстық көркем  фотосуреттер көрме өткізу туралы хабарлайды. Кәсіби және әуесқой фотографтарды қатысуға шақырады.

Шығыс Қазақстан жері біздің халқымыздың рухани және материалдық мәдениетінің көптеген ескерткіштерін сақтауда. Ол бүкіл әлемге әйгілі тарихи тұлғалардың есімдерімен байланысты, ел өміріндегі тарихи оқиғаларға бай, ал Шығыс Қазақстанның табиғаты осында болған адамдардың барлығын бей-жай қалдырмайды.  Кез  келген музейдің  басты мақсаты  мен  міндеті —  туған өлкенің тарихы мен мәдениетін есте сақтау, оны болашақ ұрпақ үшін мұқият зерттеп, сақтауға тырысу. Рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған осы идея Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізін құрайды. Рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған осы идея Мемлекет Басшысының бағдарламалық мақаласының негізінде жатыр. Ұлттық бірегейлікті ұғынуға бағытталған ол туған жеріне деген сүйіспеншілікке, оның аумағында тұратын этностардың дәстүрлері мен мәдениетіне ұқыпты қарауға негізделеді.  Бұл идеяны өзектендірудің бір жолы – фотосуретке түсіру.

ЕРЕЖЕ

Көрмеге  15  және  одан  жоғары  жастағы  кәсіби және әуесқой фотографтар  қатыса  алады.  Жұмыстар  бейнені және сол сәтті бейнелеу кезіндегі  фотографтың жеке көзқарасын қамтитын көркем фотосуреттер болуы тиіс.  Репортаждық және  тұжырымдамалық  фотосурет  құпталады.

Негізгі тақырыптар:

  1. «Сакральды география» — ұлы адамдардың  есімдерімен  байланысты қажылық  және  мәдени  байыту  орындарының  фотосуреттері (ескерткіштер, мұражайлар, кесенелер, археологиялық ашылулар және т. б.)
  2. «Туған жер»- өлке табиғаты
  3. «Сүйікті қала» — қалалық  пейзаждар
  4. «Менің замандасым» — портрет

Өткізу орны:

Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Пушкин көшесі,  108.

Іріктеу критерийлері:

  • көрме тақырыбына сәйкестігі;
  • түпнұсқалық;
  • шығарманың көркемдік деңгейі;
  • жұмыстың ерекшелігі мен мазмұны;
  • орындау техникасы мен сапасы;

Жұмыстарды тапсыру мерзімі: 2018 жылдың 16 қарашасына дейін.

 

Ашылуы:  30 қараша 2018 жыл.

 

Міндетті шарт сауалнама-өтінімді толтыру болып табылады (нысан қоса беріледі).

 

Көрмеге қатысу қатысушылардың осы Ережелермен танысуын және толық келісімін автоматты түрде білдіреді.

 

Өтінімдер мен туындыларды беру тәртібі:

 

  1. Сауалнамалар мен фотосуреттер электронды түрде 2018 жылдың 16 қарашасына дейін жіберіледі: annett82@yandex.ru немесе  жеке өзі электронды тасымалдағышта Пушкин көшесі,108 мекен-жайы бойынша музейге беріледі.
  2. Фотосуреттер кемінде 100 dpi (пиксельге дюйм) рұқсаты бар «jpg» форматында орындалуы тиіс фотосуреттің кіші жағы кемінде 1500 пиксель.
  3. Файл атауы жұмыс атауларына сәйкес келуі керек.
  4. Әр қатысушыдан іріктеуге он жұмыс қабылданады.

Анықтама телефондары: 8 7222 522019, 8 72222 523184.

Байланыстағы  тұлға: Шевцова Анна Анатольевна, 8 705 1855554, 8 707 6200843.

 

Қатысушылар мен Ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттері

 

  1. Көрмеге қатысу қатысушылардың осы Ережемен толық танысуын және келісуін білдіреді.
  2. Көрмеге қатысу үшін фотосуретті жариялай отырып, қатысушы:

орналастырған фотосуретке барлық авторлық құқықтар тек Оған ғана тиесілі екендігін және көрмені өткізу кезінде осы фотосуретті пайдалану үшінші тұлғалардың мүліктік және/немесе мүліктік емес құқықтарын бұзбайтынын растайды;

осы фотосуретті ұйымдастырушылардың таңдауы бойынша сайттарда жариялауға келісім береді, музейдің тақырыптық баспа басылымдарында ағартушылық мақсатта жариялау мүмкіндігімен;

конкурсты ұйымдастырушыға үшінші тұлғалармен жарияланған плакатты пайдалануға байланысты талап қойылған кезде жауапкер жағынан үшінші тұлға ретінде сотта жауап беруге міндеттенеді;

ұйымдастырушы плакат конкурсының талаптарына сәйкес емес жұмыстарды қосымша түсіндірмелерсіз қатысуға  жібермеуге құқылы.

Ұйымдастырушы қосымша түсініктеме берместен, талаптарға сәйкес келмейтін фотосуреттерді көрмеге қатысуға жібермеуге құқылы.

 

  1. Көрмеге қатысу автордың осы туындыларды ағартушылық мақсатта қаламақысыз негізде одан әрі жариялауға келісімін білдіреді. Бұл ретте авторлардың авторлық құқықтары, сондай-ақ фотожұмыстарды жариялау және шығару құқығы сақталады
  2. Көрмеге жіберілген фотосуреттер келесі жағдайларда фотоконкурсқа қатысуға жіберілмеуі мүмкін:

— фотосуреттер көрме тақырыбына сәйкес келмейді;

— суреттердің төмен көркемдік немесе техникалық сапасы;

— эротикалық құрамы бар фотосуреттер, сондай-ақ зорлық-зомбылық, нәсілдік немесе діни ымырасыздық элементтерін тануға болатын фотосуреттер

— бөтен идея мен плагиатты пайдалану.

  1. Ұйымдастырушылар қатысушылар мен  ұсынылған  жұмыстарға  жауапты болмайды.

ӨТІНІМ-САУАЛНАМА«Рухани жаңғыру» фотосуретшілер объективінде» облыстық көркемсурет көрмесіне қатысуға