Аман Мұқажан. Бұл суретшінің және өте танымал зергердің есімі, оның атағы алыс-жақын шет елдерінде әйгілі.
Дарынды және өте ерекше суретшімен жақын танысқыларыңыз келсе, онда 2017 жылдың 17 наурызында сағат 16.00 Невзоровтар музейінде өтетін вернисажға келіңіздер.
Автор өзінің көрмесін «Дала аңызы» — деп атады. Көрермендер алдында өткен тарих парақтары мен тамаша экспонаттар бой түзейді: зергерлік бұйымдар, инсталляциялар, сондай-ақ көркем кескіндеме және графика картиналары. Бұл шебердің өнер туындыларымен АҚШ, Германия, Италия, Ресей елдерінде өткен көрмелердің көрермендері таныс болды. Аман Мұқажанның барлық атақ дәрежелерін тізіп айту мүмкін емес. Шебер кавалер Фаберже Орденінің иегері.
Алғашқы көктемнің суық күндерінде — сәл сұлулық, құпия, таңғажайып әлеммен танысайық.