Өткен аптаның шуақты демалыс күні Семей қаласының суретшілер тобы пленерге « табиғат аясына серуенге» шықты. Олар өздеріне шабытты «Полковничий» аралында жинаған. Ойластырған, ұйымдастырған және « этюдтар өнімін» жинаған Невзоровтар музейі. Алайда музей осы жұмыстарды өзінің қорына жиып қоюға ниетті емес. Өйткені суретшілердің кездесуі Семей күнінің мерекесі қарсанында болды, осыған орай , Семей қаласы күні мерекесіне арналған үлкен және жаңа көрме 2016 жылғы 27 қазан айында ашылады. Көрмеде көрермендер семей суретшілерінің әр түрлі жылдағы үздік картиналарымен таныса алады. Күзгі этюдтер бүгінгі күнге жаңа самал жел толқып, өнер сүйер қауымды таңдандырып жатыр.
Қаншама рет Семей шаһарына күз келген… Алайда әрбір күз өз ерекшелігімен тәмсандырады. Әрқайсысы қайталанбас. Бұған жаңадан сендіру үшін қылқалам мен қарындаш шеберлері тырысқан да…