Жаңалықтар

   Алексей Кондратьевич Саврасов (1830-1897), жылжымалы көркемсурет көрмелерінің Серіктестігі құрылтайшыларының бірі, Мәскеу пейзаждық кескіндеме мектебінің басшысы, шынайы пейзаждың негізін салушы деп атауға болады. Оның шығармашылығы орыс көркем мәдениетін дамыту үшін үлкен маңызға ие болды. Суретшінің атақты «Ұзақтар қайта оралды» картинасы орыс пейзаж кескіндеме өнері тарихындағы бірден-бір елеулі жетістікке айналды.
   Суретші Мәскеуде, көпес отбасында дүниеге келді. Көркем білімді МКСМУ-де (1844-1850) оқытушы қызметін атқарған романтик-пейзажшы К.И. Рабустан алды. Кейіннен сол училищеде (1857-1882) А.К.Саврасов пейзаждық класты басқарды, көптеген тамаша суретшілер – И.И.Левитан, К.А.Коровин, С.Светославский және т.б. тәрбиеледі.
   Суретшінің музей жинағындағы жұмыстарының бірі — «Ауылдағы қыс» 1880 жылдары салынған. Картинаның датасы нақты емес, шамамен қойылған, бірақ ол суретшінің өмірінің ең ауыр кезеңдерінің бірінде жазылған деп болжауға болады. 1882 жылы Саврасов кескіндеме, сәулет және мүсін училищесіндегі қызметінен босатылды. Мүмкін, қызметтік және ақшалай қиындықтар белгілі бір дәрежеде суретшінің 80-ші жылдардың басында ауыр ауруға әкелген, депрессияның басталуын жылдамдатқан шығар. Өмірдің барлық қиыншылықтарына қарамастан, Саврасов ешқашан қолынан қарындаш пен қылқаламды тастамаған. Осы кезеңде көптеген көркем қылқалам туындылары жарық көрді.
   Ауыл ай сәулесінің астында мұңды тыныштыққа бөленіп тұр. Ресейде мұндай ауылдар аз емес. Уақыт өте келе кедей-шаруаның ескірген үйлері мен аулалары бейнеленген. Дұрыс табылған, жалпы күміс-сұр түстер реңкі, кешкі батып бара жатқан, қысқы күннің жарығын береді. Үйлер пішіндерінің жұмсақ кескіндері, тұйықталған өтпелер, толық лирикалық сырын жеткізіп тұр. Суреттегі барлығы қарапайым шаруа адамына деген сүйіспеншілікпен, оның қиын өміріне терең сезіммен бейнеленген, онда нәзік сағыныш, қайғы, толғаныстар сезіледі.