Жаңалықтар

Семей қаласы суретшілерінің

2021 жылғы көрме-конкурсын

өткізу туралы Ереже.

В 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз, ол бәрінен жоғары! Біздің міндетіміз -гүлденген және қуатты Қазақстанды болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру».

Осы тамаша датаға байланысты

Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ СУРЕТШІЛЕРІНІҢ ШЫҒАРМАЛАР КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ!!!

 

 

Ұйымдастырушылар

ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейі (анықтама телефондары: 52-20-19; Байланысушы тұлға: Стромская Татьяна Александровна 52-31-84; Халитова Ильвира Ахметжановна: 8 777 790 40 01.)

Өткізу орны:

Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей қаласы, Пушкин көшесі, 108

Вернисаж:

14 желтоқсан 2021 жыл

 

Көрме кәсіби және жас суретшілерге өз туындылары мен шығармашылық ізденістерін көрермендер назарына ұсынуға мүмкіндік беретін дәстүрлі жоба болып табылады.

Көрмеге қатысу шарттары

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Семей қаласы суретшілерінің туындыларының көрмесіне кәсіби, әуесқой суретшілер, жоғары оқу орындары мен колледждердің көркемөнер бөлімдерінің бітіруші курс студенттері қатыса алады. Көрмеге жұмыстары Көрме Комитетімен алдын ала іріктеуден өткен авторлар қатысады.

Көрмеге қатысушылар:

  1. Алдын ала іріктеуге толтырылған өтінімді: Көрме-конкурсқа қатысуға өтінім көрме комитетіне ұсынулары керек;
  2. Соңғы үш жылда жасалған бейнелеу өнерінің кез келген түрінде және жанрында орындалған туындыларды (жұмыстың артқы жағында Т.А.Ә., туған жылы, жұмыстың атауы, жасалған жылы) көрмеге ұсынулары керек. Алдын ала іріктеуге ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмеген;

Жұмыстың безендірілуі келесі талаптарға сәйкес келуі керек:

станоктық көркем кескіндеме – рамалар (міндетті түрде шығарманы ілуге арналған бекіткіштермен);

баспа графикасы, графика – паспарту, пластиктен немесе әйнектен, жеңіл жақтаулармен безендірілуі керек (міндетті түрде ілуге арналған бекітпелермен);

графикалық дизайн (компьютерлік графика) – паспарту, пластик немесе шыны, жеңіл жақтаулармен безендірілуі керек;

инсталляция – представляется на выставку в готовом виде;

бейнеарт – DVD-R дискілерінде avi форматында ұсынылады (компьютерде немесе DVD-де көру үшін);

мүсін (тұрақты тақтатабан)

 

Маңызды! Кескіндеменің барлық түрлеріне, соның ішінде кескіндеме, графика немесе инсталляция элементтеріне (музыка, бейне, фото, хореография және т.б.) тікелей және жанама авторлық құқықтарды пайдалануға байланысты барлық жауапкершілік өтінім берген авторға жүктеледі.

 

Көрмені өткізу мерзімдері мен тәртібі

Көркем көрмені ұйымдастыру бірнеше кезеңнен тұрады:

I кезең – өтінімдерді беру және 10 қарашаға дейін көркем көрмеге қатысуға жұмыстарды ұсыну

II кезең – көрме комитетінің жұмыстарды іріктеуі; 20 қарашаға дейін

III кезең – экспозиция жасау және жұмыстарды өлшеу; 14 желтоқсанға дейін

IV кезең – көркемсурет көрмесін өткізу: 14 желтоқсан күні салтанатты ашылуы

V кезең – көрмені шығармашылық кездесу форматында талқылау.

 

Құрметті достар! Құрметті суретшілер!

 

Біз Сіздерді күтеміз!!!