50 автор 80 көркем кескіндеме, графикалық, мүсінді жұмыстар, сонымен қатар арт-нысандар ұсынды. Олардын ішінде: Н.Өтепбаев, О.Махно, А.Борзунов, Р.Бобровский, В.Степанов және басқалар. Алғашқы рет кәсіби суретші-графикші А. Врадий, студенттер М. Кайырхан, Е. Ковальчук, М. Мурзабекова және басқа авторлар қатысты.
Ашылу салтанатына қатысып, сөз алғандар: Шәкәрім атындағы университеттің бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі М.Мырзаханов, Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Көпбаев және Латвиядан келген профессор Римантас Желвис. Алыс шетелдің қонағы Семей қаласында болған екі апталық сапарындағы қызықты кездесулер туралы айтып, біздің қаланың мәдени өмірінен алған әсерімен бөлісті. Прибалтикалық профессор жаңа ашылған көрмеде қойылған жұмыс авторларының жоғары деңгейлі шеберлігіне тәнті болды.
Мұражай директоры Т.Стромская Семей қаласының суретшілері — көрме қатысушыларына алғысын білдірді. Әрбір суретші үшін көрерменге «айтарын жеткізу» маңызды, яғни ол — шығармашылық тұлға, оның жұмыстары көрерменге жетіп, қалауын тауып жатады. Өйткені, өнердің әрбір жанры әсер алудан нәр алуды, танымалдықты, қатынасуды және жетілдіруді қажет етеді.
Қонақтар зор қызығушылықпен жаңа көрмемен танысты. Мұражайдың бірнеше залдарында туған жердін пейзаждарын, Отанымыздың әдемі мүйісін, замандастар және Қазақстанның танымал адамдарының портреттерін көруге, ұлттық аңшылық пен көне халықтық мерекені бейнелейтін қанық бояулы натюрморттар мен жанрлық картиналармен танысуға мүмкіндік алды.
Мұражай үшін әрбір жаңа көрменің ашылуы – жұмыс барысындағы жай шығармашылық кезең емес. Бұл жаңа дарындар мен жаңа есімдерді ашып паш ету, жаңа байланыстар мен көркемөнер тілінде байланыстар іздеу, үлкен эмоциялық құнарлы топ құру.
Бір ай көлемінде жаңа көрмемен мұржайдың мыңға жуық келушілері танысты. Оның ішінде қалалықтардан бөлек, таяу және алыс шетел қонақтары да болды. Қорытынды шығару уақыты келгенде кәсіби қазылар алқасы құрылып, әр жұмысты талқылады.
Міне, қорытындыны жариялайтын салтанатты күнде жетті. Көрме орналасқан залдардың біреуінде қонақтар, мұражай қызметкерлері, Семей суретшілері жиналды. Марапаттау рәсіміне қала әкімі А. Кәрімов қатысты. Қала басшысымен қоса, жерлестерінің шығармашылығына табынушылар — өнеркәсіп мекемелерінің жетекшілері, кәсіпкерлер де болды.
Мұражай директоры Татьяна Александровна Стромская байқау нәтижесін жариялап, суретшілерді естелік сый және ақшалай жүлделермен марапаттады. Демеушілік танытқан – қала кәсіпкерлері. Марапатталғандар ішіндегі жас суретшілер: Санияр Д., Мурзабекова М., Қайырхан М. Кәсіби суретшілер: Е.Сухов, О.Махно, С.Леонтьев, М.Супин, А.Врадий, Н.Өтепбаев болды. Сонымен қатар, кейбір суретшілер ынталандыру сыйына ие болды.
Қала әкімі А. Кәрімов көрме қатысушылары мен марапатталғандарды құттықтап, дарын мен талант иелерін біріктіретін ордаға айналған Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайына шығармашылық табыстар тіледі.