Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының шығармашылық тобы Зубаир орта білім беру мектебінің оқушыларына қонаққа барып қайтты. Мұражайшылар және де қарсы алушылар осы кездесуден үлкен әсер алып, осы мектеп қабырғасында өткен «Орыс тілі аптасы» қызықты да жаңа мәң-мәтінге толықты.
Осы аймақтың жетекші өнер мұражайы қызметкерлерімен кездесудің бастамашысы Гүлжан Ерубаева, ауыл мектебінің орыс тілі және әдебиет мұғалімі – мұражай және қызметкерлер әкелген материалдар туралы жылы лебізін танытты. Ол өз тарапынан көктемнің жылы күндері келген кезде міндетті түрде тәрбиеленушілерді Семейге әкелуге уәде етті.
Невзоровтар мұражайы және өткізілген көрмелер туралы мұражай мамандары Лаура Шинжина, Ирина Рекида қызықты да ұғынықты тілмен таныстырды. Ал 1- 6 сынып оқушылары «оригами» техникасында өз қолдарымен «тырналар» мен «бақаларды» аса ұқыптылықпен жасап мәре-сәре болды. Мұражай экспозициясының тамаша бөлігі бойынша фоторепродукциялар көрмесі осы кездесудің сөзсіз шарықтау шегі болды.
Мұражай қызметкерлері қазақ тіліндегі орта білім беру мектебіндегі ресми түрде «орыс тілі аптасы» ашқан оқушылар линейкасына қонақ ретінде қатысып қайтты. Барлық мектеп ұжымының дайындығы мен тәртібі және мектеп өмірінің қызықты сәттері – бір уақыт «кеңес» мектебінің тамаша кездерін еске түсіргендей.
Мұражай қызметкерлері кез-келген ауыл мектебімен кездесуге дайын. Осындай жұмыстар бізбен ақысыз өткізіледі.