Невзоровтар мұражайы есігінен жапа тармағай ұл-қыздар шашыла шықты. Олардын барлығының қолдарында өздері жасаған «Күн» бар. «Ол» көңілді әр түрлі сәулеге толы шуақ «шаша» күлімсіреп тұрғандай. Әр бір жасалынған күн өз иесіне ұқсастығы бар сияқты. Ал енді шығармашылық тренингтен шыққан мына кіші топтын балалары қолдарында көңілді «көбелек» ұстап, үйлеріне қайтуға бет алды. Олар оны түрлі түсті қағаздан қиылған «алақандардан» «жасады». Қиып, қосып, әшекейлеп… енді міне – кішкентай «тірі сияқты» жазғы тіршілік иесі!
Балаларды бақылау өте қызықты, әсіресе олар бір іспен айналысып жатқанда.
8-9 жасар ұл бала: өз орнына еріне отыра және жасалынған дайын материалдарды көре, сұрай бастады: «осында не үшін келдім?» деп. Уақыт өте, тер төге қинала, бірақ шығармашылық барысына қосыла оның қызығушылығы оянды. Ол өзінің мата аппликациясын жасап болып, қуана айтты: «Бәрекелді! Тамаша! Бұнда қызықты екен!»
Тағы бір қызық оқиға. Сабақты ұйымдастырушы, кейбіреулердің асықпай отырғанын көріп, қалжындай ескерді: «кімде кім жасап бітпесе, ол осы мұражайда түнге дейін қалады !». Бірақ бұл айтылған сөз еш кай баланы қорқыта алмады. Олардын бәрі жапа тармағай : «Жақсы! Біз осында қаламыз!» деп сала берді. Кейде аянышты «Көмек керек!» деп жатады. Олар кішкентайлар, жасап біте алмай жатқан. Жоқ, олардын ешқайсысы мұражайдан өздері дара жасаған бұйымдарсыз кетпеді. Өйткені олардын қасында әрдайым шебер және қамқоршы ұстаздар бар.
Мұражайдың жазғы, ыстық шығармашылыққа толы жұмыс күндері жалғасуда! 2016 жылдың жазғы айының күндерінде – 25 тренингтер өткізілді. Оларға 700 бала қатысты.
Ұлы ақын айтқандай: «жаз келді шілдемен…» несі бар! Жаз келді…!