Жаңалықтар

Музейге келушілер жиі сұрақ қояды: «Суретші бір картина жасауға қанша уақыт жұмсайды?» Бұған қалай жауап беруге болады? Бұл әрқашан бірдей бола бермейді. Кейбір суреттер жылдар бойы жазылған, ал кейбіреулері ….

17 наурызда музейде суретші Төлеуғазы Байғалиевтің мерейтойлық жеке көрмесі ашылды. Оның барлық шығармаларының кейіпкері – табиғат. Бірақ қандай табиғат! Оны өз картиналарында қалай жеткізеді? Қандай жолмен? Майлы және акрил бояуларының алуан түрлілігімен. Ішінде кішкентай қағаз парақтарында сия мен қылқаламмен жасалғаны да бар, бұл қарапайым пейзаждар әсіресе әуезді және лирикалық.

Ертеңінде Төлеуғазы Баяндыұлы шеберлік сабағында өзінің сырымен, әдістерімен бөлісті.

Қылқаламның қимылымен бояу қағаз бетіне жайылып, кей жерінде қалыңдап, бір жерінде бос қалып, оғаш пішіндер салып, күтпеген бейнелерді дүниеге әкелгенде шығармашылық, сиқырлы атмосфера болды.

Жұмсақ қылқалам қағаздың бетіне біркелкі сырғып, оның артына сұйық сияны тартады, ол жабысып немесе ойнай отырып, қылқалам күшінен босатылады. Осының нәтижесінде көз тартар кеңістік паш ете қалады! Кей жерде ылғалды, бір жерде құрғақ қағаз бетінде өрнектеп қылқалам түрлі таңғажайып көріністерді туғызады. Суретшінің өзі таң қалып, қуанып: «Осы жерде нағыз жаратушы кім?» деген сұраққа жауапсыз қалғандай. Суретшінің өзі? Әлде ойнақы тушь? Немесе жұмсақ сиқырлы қылқалам? Немесе, мүмкін, құдіреттің өзі? Кім біледі?

Жауап қандай болса да, ең бастысы – бұл таңғажайып эмоциялар тудыратын техника!

Мастер-класс қатысушылары әсерінен үзінділер:

«Енді маған ойларды жинақтау қиын! Өте медитациялық техника!

«… Процесс, ол таң қалдырады …»

«… Нәтижені болжау мүмкін емес. Бояу қалай таралады, қалай кебеді, қайда ағады, не болады. Сіз суреттерге қарай кейбір образдарды көре бастайсыз … »

Шығармашылық процесі әрқашан қызықты, бірақ бұл мастер-класста барлық қатысушылар керемет әсер алды.

Осы үшін, Төлеуғазы Баяндыұлы, сізге рахмет!