Жаңалықтар

   19 қыркүйекте Өскемен қаласындағы ШҚ өнер музейінде ашылған белгілі қазақстандық суретші Мағауия Аманжоловтың туындыларының көрмесі «Без горизонта» деп аталды. Өскемен, Семей және Алматы музейлерінің қорынан құрылған ол шебердің шығармашылық мұрасының едәуір бөлігін ұсынды.
   Мағауя Аманжолұлы 1948 жылы 20 тамызда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қайнарбұлақ ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген. Көрмелердің белсенді қатысушысы және ҚазКСР Суретшілер Одағының мүшесі. Алматыда тұрып, жұмыс істеген.
   Вернисажда суретшінің жесірі Күлбайраш Молдабаева, ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова және Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің директоры Татьяна Стромская сөз сөйледі. Экспозицияда шығармашылықтың әр кезеңінде орындалған Аманжоловтың 20-дан астам кескіндеме жұмыстары ұсынылды және суретшінің өмір жолы туралы жақындары мен достарының естеліктері мен үздік шығармалардың репродукциялы кітап-альбомы таныстырылды.
   Көрменің экспозициясын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов те тамашалады.