Бүгін біз Ұлы Отан соғысына арналған жарияланымдарды бастаймыз. Музей қорында әскери тақырыптағы көптеген суреттер сақталған. Бұл атақты кеңес суретшілерінің көркем және графикалық туындылары. Олардың арасында майдангер-суретшілердің жұмыстары ерекше орын алады.
Ленинград майданының қорғаныс шайқастарының қатысушысы, взвод командирі КСРО Халық суретшісі, капитан Юрий Непринцев. Оның «Ленинград блокадасы» графикалық жұмыстарының сериясы («1941 жылғы қараша айы», «1941 жылғы желтоқсан айы», «1941 жылғы қыркүйек айы», «1942 жылғы сәуір айы», «1943 жылғы көктем») қоршаудағы қаланың өмір кезеңдерін бейнелейді. 1942 жылдың мамырында РСФСР еңбегі сіңген өнер қайраткері Валентин Курдов суретшілер тобының құрамында Волхов майданының партизандық базаларына жіберілді.
Жинақталған шығармашылық материалдар 1942-1943 жылдары жазылған «Соғыс жолдарымен» («Әскери жолдар», «Далалық асүй», «Волхов майданы», «Арбалы керуенінің тұрағы») литографиялар сериясы негізіне жатқызылды. Сол блокада күндері Ленинградта басқа РСФСР халық суретшісі Алексей Пахомовта қалды. 1942-1944 жылдары суретші Ленинград қоршауы туралы («Барлаушы-жарғыштар») графикалық сериялар бойынша жұмыс істеді. Ленинградтағы соғыс кезінде «ТАСС жаршысы» плакаттарын шығару бойынша суретшілердің үлкен ұжымы және олардың арасында болған РСФСР халық суретшісі Владимир Лебедевте жанкешті еңбек етті. Тамаша иллюстратор және балалар кітабының қайта құрушысы, кескіндемеші ретінде белгілі. Музей жинағындағы «Шекарашы – теңізшінің портреті» — осындай мысалдардың бірі. Бұл соғысқа тек Ленинградтық суретшілер ғана қатысқан емес, Кеңес Армиясының түрлі бөлімдері мен бірлестіктерінде түрлі мектептер мен әр түрлі халықтардың жүздеген суретшілері соғысты. Олардың бірі – харьковтық Всеволод Парчевский («Биле!», «Өткел», «Әскери жолдар»).
Соғыс бүкіл кеңес халқының санасы мен сезімдерінде терең із қалдырды және көптеген суретшілердің, соның ішінде қазақстандық суретшілердің шығармашылығында көрініс тапты. Айтымбай Молдабековтың «Лейтенант Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі» картинасы Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ батыры туралы баяндайды. Қарағандылық шебер Валерий Иманасов Ұлы Отан соғысы кезіндегі әдебиетшілер туралы мақтанышпен еске алады. Музей жинағындағы «Соғыстан келмеген ақындар» топтамасынан алынған парақтар Павел Коган мен Михаил Кульчицкий ақындардың бейнелерін кескіндейді. Соғыс батырлары туралы қарағандылық Василий Харловта («Курск доғасында. Павел Шпетныйдың ерлігі», «Авиация маршалы Александр Покрышкиннің портреті») әңгімеледі.
Кеңес халқының қайғы-қасіреті мен күйінішті тағдыры туралы өз әкелері мен аталарының естеліктері бойынша білетін, соғыс қимылдарының тікелей куәгері болмаған басқа да суретшілердің шығармалары баяндайды. Соғыс тақырыбын кеніңен ашу үшін, олар көркем туындылары бетінде жеңіс пен қуаныш, адам тағдыры туралы өз ойларын жеткізген. Тоқболат Тоғысбаевтың «Күй 41» триптихы («Домбырашы», «Қалыңдық», «Салт атты») және Бексейіт Тюлькиевтің «Дала балладасы» триптихы қайғылы сезім тудырады. Сергей Лукьяновтың «Тыныш», Илларион Голициннің «Қырық бірінші», Сахи Романовтың «Соғыс ізімен», Александр Мызиннің «Сталинград», Ким Кузнецовтың «Барлаушылар», Борис Ухановтың «Соғыс ізімен» көркем жұмыстары сыйланған өмірі үшін терең ризашылық сезімімен танылды.
Соғыс тақырыбы мен оның қаһармандары біздің семейлік суретші-жерлестерімізден де тыс қалмады. Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Яковлев («Партизандар»), Валентин Христолюбов («Лениград қорғанысы», «Аналар қайғысы», «Жаудан азат етілген жердегі солдат», «Партизан»), Михаил Беляев («Ленинград») — бұл біздің отандастарымыз ешқашан ұмытпайтын күрес пен жеңістердің қанды және батырлықтың шежіресі.
Біз Ұлы Отан соғысының маңызын ұғыну келесі ұрпақтардың тағдырында екенін түсінеміз — бұл маңызды да жауапты жұмыс. Сондықтан да сол жылдардың батырлары мен оқиғалары туралы есте сақтау міндет болып табылады. Сол себепті, Жеңістің 80 жылдығы – ең маңызды оқиға қарсаңында суретшілердің соғыс туралы шығармалары барлық тірі қалғандарға ерекше ұран ретінде қабылданады. Жол берілмейді!