Жаңалықтар

17 қарашада  Невзоровтар музейінде балалар көркемсурет студиясының барлық оқушылары асыға күткен «Студийцтер қатарына қабылдау» атты қуанышты іс-шара өткізілді.

Биыл көптен күткен мереке теңіз қарақшылардың  туы астында және тиісті тақырыпта өтті. Жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп, жас суретшілер музей қызметкерлері тұлғасындағы ержүрек капитандардың жетекшілігімен музейде қызықты оқиғаларға тап болды. Олар қазына сандықтың  кілтін табу үшін бірқатар сынақтардан өтуі керек еді. Бұл үшін ептілік, тапқырлық, шығармашылық шеберлік, сонымен қатар өнер, биология, тарих, география және тіпті астрономия туралы білім қажет болды!