Дәстүрге айналған балалар көркем студиясының «Студиялықтар қатарына қабылдау» рәсімі, бұрынғы және жаңадан келген балалар үшін көптен күткен күзгі іс-шара болды. Не себептен күтеді? Өйткені, осы күннің жұмбаққа, құпия мен жаңалықтарға толы екенін туралы әңгімелеп, бар қыр-сырын ашады. Бірде-бір рет осы іс-шараның өту барысы қайталанып көрмеді. Сондықтан оны студиялықтар асыға күтуде.
Музей әкімшілігі атынан ғылыми және көрме жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Г.К. Буркитова сөз алды, ол жаңадан келген студиялықтарға шығармашылық жеңістер мен шабыт тіледі.
Студиялықтар қатарына қабылдау бұл жай көңіл көтеру іс-шарасы ғана емес. Балалар кескіндеме, графика және мүсін шығармаларымен танысып, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы білімдерін ұштауға мүмкіндік алды. Балалар музей экспозициясы бойынша саяхат жасағанда ойындар, сөзжұмбақтар, ребустар, жұмбақтар, экскурсиялар, ойын жаттығулар орындады.
Осы «қатарға қабылдау» рәсімін жүргізу үшін студияға бірнеше жыл қатысып жүрген балалар шақырылды. Осы құрметті шараны студиялықтар әрқашанда абыроймен орындайды. Қылқалам ұстаған пілдің баласының бейнесі бар символикалық төсбелгісін тағынған балалар осы көркем студиясының оқушылары дегенді білдіріеді.
Шығармашылық мерекенің соңында балаларға естелік сыйлықтар табыс етілді.