Жаңалықтар

Музейде балаларға арналған бейнелеу өнері студиясы бар. Ол көпшілікке белгілі. Мұнда кәсіби педагог-суретшілер жұмыс істейді. Олар балаларды сурет салуға ғана емес, ең бастысы өнерді сүюге және түсінуге үйретеді. Әрине балалар күнделікті қылқалам туындыларын өз көздерімен көре отырып, өнерді сүюге ынталары артады. Ал, студия мен залдарда, картиналардың жанында өткен әңгімелер сүйіспеншілікті одан ары аша түседі. Осындай кездесулердің бірі халық суретшісі Дулат Әлиевтің шығармашылығына арналды. Оны «махаббаты шексіз» суретші деп атайды. Олай атауының себебі неде? Мүмкін, ол адамдарды шынымен шексіз жақсы көретіндіктен болар.

«Мен картиналарымда көптеген адамдар тәрізді жиһанкезбін. Мен үшін кескіндеме – өмірді танудың құралы. Менің суреттерімдегі басты кейіпкер – адам. Мен оны қатты жақсы көретінімді түсіндім» деген ой-тұжырымға келдім дейді  Дулат Әлиев.

Оның шығармашылығы ерекше, алуан түрлі және әрқашан махаббатқа толы. Студенттік жылдары Дулат Әлиев Пикассоға қызығушылық танытты, оның туындыларында «Герника» ноталарын байқауға болады. Әке атанғаннан кейін оның картиналары үйдегі жылы жайлылыққа, туыстарының жүздеріне толды. Бірақ, әкелік мәртебеге ие болған ол айналасындағы әлемді – отандастар, автобустағы, дүкендердегі адамдар, күнделікті күйбең тіршілік қамымен жүрген  жандарды жаңаша көре бастады. Міне, Брейгель сияқты, Д. Әлиевтің суреттері бетінде қарбалас өмір, көптеген кейіпкерлерге толы композиция және жоғары көкжиек сызығы орын тапты. Сондай-ақ, мәңгілік жайлы, Құдай мен Иса Мәсіх туралы ойлар да қамтылды.

«Біз кімбіз, қайданбыз, қайда барамыз?» деген сұрақ туындайды. Өмірдің мәнін іздеу, Құдайды іздеу мені мәңгілік тақырыптарға бет бұруға итермеледі. Бұл картиналарда мен Иса Мәсіхтің кім екенін, оны неге айқышқа шегелегенін және неге ол адамды соншалықты жақсы көретініндігі жайлы ой қозғаймын.

Дулат Әлиев суретші-кескіндемеші ғана емес, оның жұмысында графика өнеріне де орын бар. Мысалы, «Мақал-мәтелдер» шығармаларының бүкіл сериясы. Музей коллекциясында осы суретшінің бірнеше туындылары сақталған. Студия оқушылары Қазақстан өнері залына барып, Дулат Әлиевтің «Натюрморт», «Әулиелерге табыну», «Базар», «Мысырға қашу» деп аталатын төрт картинасын тамашалады. Оқытушы, Ольга Андреевнамен бірге балалар әр картинаның сюжетінің мағынасын тарқатып, көркемдік ерекшеліктері туралы әңгімелесті. Биыл суретші 75 жасқа толды. Ол сүйікті жұмысымен одан ары айланысып, адамдарға өз махаббатын сыйлауды жалғастыруда. Осы датаға суретші Дулат Әлиев жайлы әңгімелесу сабағымыз арналды.