Бүгін, Ұлы Жеңістің 75-жылдық мерейтойын тойлау күні Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейі Сіздердің назарларыңызға қордағы картиналардан жаңа көрме бойынша экскурсия ұсынады. Ол «Суретші-майдангерлер соғыс және бейбітшілік туралы…» деп аталады және соғыс күндері мен кеңес халқының бейбіт өмірі туралы сол бұрынғы оқиғаларға куәгерлер мен қатысушылар өз көзімен көргенін баяндайды. Көрмеге барлығы 35 кескіндеме және графика туындысы қойылды.
Видеосюжет Gopher.production қолдауымен түсірілді. Экскурсияны ғылыми қызметкер Ирина Михайловна жүргізеді.
Музей қоюшы-режиссер Рахметолла Дінмұхамедке ерекше алғыс білдіреді.
- https://vk.com/video172779009_456239144
- https://www.facebook.com/muzei.nevzorovyh/videos/2587953694749725/
- https://youtu.be/Pm_wCWUSZT0