АраласуЖаңалықтарХабарландыру

  Өтіп бара жатқан күздің бірінші айының  соңында  Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде қызықты оқиға орын алды. Көркем акция АЛАШ  қозғалысының  100 жылдығына арналды. Он бір суретші өте күрделі, маңызды,  әсіресе біздің қала үшін жақын болып табылатын  тақырыпқа өз көзқарастарын білдіруге ниет білдірді…

  Қазақстанның зияткерлері мен патриоттарының географиялық және тарихи қозғалысы  20 ғасырдың басындағы Семей шаһарымен байланысты болды.   Дәл осы жерде  алаш көшбасшылары Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов және Ахмет Байтұрсыновтар өмір сүріп, өз қызметтерін бастаған.

  Алашордашылар қызметіне байланысты шығармашылық пленер тақырыбы қаланың  екі тарихи орындарында  өз бейнесін  тапты.  Суретшілердің бір тобы тарихи ескерткіш – Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан Анияр Молдабаевтың үйін бейнелеуді шешті, онда Алаш партиясының көшбасшылары жиналған, бүгінгі күні Алаш Арыстары музейі орналасқан. Бұл нысан біздің қаламыздағы Абай Құнабаевтың  танымал мемориалдық кешеніне кіреді.   Осы оқиғаның алдында Невзоровтар музейінің қызметкерлерінің бастамасынмен суретшілер Алаш музейіне барып қайтты. Сол алыс жылдардағы оқиғаларды еске түсіріп, суреттеу үшін эмоциялық әсер алды.

  Пленэр қатысушыларын Абай музейінің ғылыми жұмысы жөніндегі директор орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева қарсы алды, ал қызықты да танымды экскурсияны ғылыми қызметкер Гүлнәз Бейсембинова жүргізді.

  Қылқалам шеберлерінің екінші тобы қаланың сол жағалауына аттанады, оның тарихи атауы — АЛАШ ОРДА болған.    Жаңа Семейдің (Алаш Орда) ескі көшелер   қиылыстарында  сол өткен оқиғаның жаңғыры қалған шығар. Ал суретшілерге сол Уақытқа, Тарихқа ортақтасу маңызды еді…  Өйткені, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және басқа да жас алаштықтар өкілдері, онда … ескі қала көшелерімен серуеңдеп, Ертіс жағалауында ескі саман үйлерінде тұрып жатқан адамдар тағдыры үшін ой толғап, Тыныбай мешітінде дұға еткен шығар…  Пленэрдің  барлық қатысушыларының Полковничий аралына серуеңдеуі акцияның жалғасы болып табылды, ол жерде суретшілер ғасырлар бойы өскен ағаштар көлеңкесінде күнделікті істерінен демалуға және  таза ауада жемісті «жұмыс істеуге» мүмкіндік алды.

  Нәтижесінде этюдтардың кезекті топтамасы пайда болды, ол өз орнын Невзоровтар музейіндегі көрмеде тапты.   

   Қалалықтар және қала қонақтары  суретшілердің  жұмыстарына салған  бар ыждаһатын бағалай  алады.  Әрине,   сол жоғары идеялар мен арман үшін өз өмірлерін    тарих «жаңғырығына»  әкелгендерді  еске алу.   Алашордашылар» сөзі –  жалпы есім,  «батылдық,  құрбандық,  ерлік»  ұғымдарының синонимі болды.