Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, тамаша суретшіміз Жуванышев Тілеуғазы Рахимұлын, Өскемендегі Шығыс Қазақстан өнер музейінде өткен «Тарихтағы тұлға» байқауында – Гран-при жүлдесіне ие болғандығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Тілеуғазы Рахымұлы-қалалық Суретшілер одағының төрағасы, Шәкәрім университетінің құрметті оқытушысы, керемет суретші, шығармашыл тұлға және өте қарапайым адам. Байқауға ол өзінің төрт туындысын ұсынды: диптих – ұшқыш Талғат Бегелдиновтың портреті және Доспановтың портреті, ал екі кескіндеме – Кеңес Одағының Батыры Айтықовтың портреті және Роза Бағланованың портреті. Соңғы аталған жұмысы зор марапатқа ие болды.
Тілеуғазы Рахымұлының шығармалары қаламыздың өнер сүйер қауымына жақсы таныс. Ол бірнеше рет Невзоровтар отбасы музейіндегі көрмелерге қатысқан, сонымен бірге жұмыстары қорымызда сақтаулы. Жерлес суретшіге одан әрі сарқылмас шығармашылық қуат, жаңа идеялар және жанды шабыт пен табыс тілейміз!