Жаңалықтар

«Сызықтар тілі – Бірліктің үні» халықаралық жобасы алғашқы қадамын Невзоровтар музейінде бастады. Жоба ұзақ мерзімді: ол 2022-2023 жылдары бес елде (Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, БАӘ) өтеді және бейнелеу өнерін сүйетіндер мен бағалаушылардың кең аудиториясын қамтиды.
Шығармашылық және гуманистік дүниетаным арқылы жоба әлемге адамзаттың бірлігі идеясын және оның табиғатпен үйлесімін дамытуға қабілетті қозғаушы күш ретінде өнердің әлеуетін көрсетеді. Көрме қоғамның жаңа санасын қалыптастыру идеяларын қамтиды.
Бейбітшілік пен адамзаттың бірлігі идеясы көптеген философтардың, суретшілердің, жазушылардың, мемлекет қайраткерлерінің еңбектерінде орта тақырыптардың бірі болып табылады. Армат Бектас кескіндемедегі жаңа форма мен стиль – «Өркендеу сызықтары» арқылы «Адамзат, бейбітшілік және дін бірлігі» теориясының негізін қалаушы. Армат Бектаспен құрылған өнердегі сызықтар туралы концепция қоғам, мәдениет және табиғат арасындағы қарым-қатынасты жаңаша түсіндіреді. Өз картиналарында суретші дала дүниетанымын сызықтар арқылы жеткізеді, суреттер барлық халықтардың, діндер мен ұлттардың бірлігі туралы философиялық мағынаға ие.
Армат Бектас – белгілі қазақстандық суретші, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, Нұр-Сұлтандағы Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы. Қазақстан, АҚШ, Германия, ОАР, Қырғызстан, БАӘ, Түркия, Башқұртстандағы халықаралық көрмелер мен симпозиумдардың қатысушысы.

Жобаға Армат Бектастың оқушылары да қатысады. Бұл өмірдің әртүрлі салаларында орын алған және өмірлік тәжірибе арқылы өнерге келген оның сахабалары мен пікірлестері. Олар ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚазҰӨУ оқытушысы, кескіндеме және мүсін кафедрасының меңгерушісі Арыстан Смағұлов, сондай-ақ Н. Медеуов, Э.Кандыкбаев, А. Абдрахманов, А. Кретчетов, А. Назарбай, М. Смағұлов, Г. Жақып, Д. Акарджа, А. Аяпов және басқалар.

Сондай-ақ, іс-шара бағдарламасында «Сызықтар философиясы», «Суретші жолы. «Шабыт» академиясына және АҚШ-тың Халықаралық жоғары оқу орындарына түсу» дәрістері, сурет салудан шеберлік сабағы және «Өнер — өзіне апарар жол» дөңгелек үстелі өтті.