Жаңалықтар

   Биылғы жылы балаларды Қорғау Күнің мерекелеу Невзоровтар отбасы атындағы музейде үлкен ертегі іс-шарасымен атап өтілді. Оның басты оқиғасы Александр Сергеевич Пушкиннің 220 жылдығына арналған Балалар көркемсурет студиясының шығармашылық жұмыстарының көрмесі. Онда студия оқушыларының 9 — дан 16 жасқа дейінгі 50-ге жуық жұмыстары ұсынылды. Бұл ұлы жазушының әдеби шығармаларындағы иллюстрацияларымен ақын бейнесінің балалар қиялындағы көрінісі.
   Бұл мереке күні музей ауласында балаларды 19 ғасыр, яғни,Пушкин дәуірінде көрініс тапқан; лапта, тығылмақ, қалашықтар сеілді дәстүрлі орыс ойындары қарсы алады. Музей ауласында өткен шынықтыру ойындарынан кейін балаларға көне орыс жұмбақтарын шешу секілді жаңа ойын түрлері ұсынылды. Жұмбақ ойындардың шешім-жауаптары музей экспонаттарында «жасырылынды». Экспозиция залдары ойындарынан кейін, мереке қонақтарын тағы бір тосынсый күтіп тұрды. Бұл – Пушкиннің «Салтан патшасы туралы ертегі» желісіндегі студия оқушыларының театрландырылған қуыршақ қойылымы. Әрине, қандай балалар мерекесі сыйлықсыз өтеді? GLOBAL CANVAS 2019 Халықаралық байқауда балалар студиясының жеңісі осындай марапаттауға себеп болды! Global Canvas – 16 және одан кіші жастағы балалар топтарына арналған Дэвид Шепард жабайы табиғат қорының жыл сайынғы көркем байқауы. Биылғы жылы байқауға АҚШ, Қазақстан, Канада, Корея, Үндістан және басқа да әлемнің 26 елінің 129 мектебі мен көркем клубтарынан 5055 бала қатысты. Музей студиясы құрметті екінші орынға ие болып, Лондонда өткен байқаудың финалында, табиғи тарих музейінде көрермендердің көптеген жақсы пікірлері мен қошеметтеріне ие болды. Елдің ең ірі моллы «Апорт», біздің тұрақты демеушіміз, балалардың жеңісін ынталандыру сыйлықтарымен атап өтуге шешім қабылдап, балаларға арнап жиналмалы орындықтар мен шығармашылық жұмыстарға арналған материалдар мереке күніне тамаша сыйлықтар жасады. Балаларды құттықтап компания атынан Мукашев Кумар Ершевич сөз сөйледі.
   Балаларға жаңа шығармашылық табыс пен бақытты жазғы демалыс тілейміз!