Биылғы жылы татар өнерінің жылсайынғы фестивальі өзінің аймағын едәуір кеңейткен. Қатысушылар мен қонақтары Астана, Көкшетау, Павлодар, Новосібір, Казань, Томскі, Тобольскі қалаларынан келген. Фестивальдің бас ұйымдастырушысы «Хак» Ертіс өңірі татар және башқұрт қауымдастығы» ассоциациясының төрағасы және «Татар өнер мектебі» КМҚК директоры Г.Г.Ахунжановтың басшылығымен өткізілді.
Фестивалдің бағдарламасы бес номинациядан тұрды: аспаптық музыка, вокалдық өнердің барлық түрі, хореография, көркем сөз және алғаш рет, сәндік — қолданбалы өнері.
Конкурстың мақсаты мен міндеті:
• татар халқының дәстүрлі және қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнерің сақтау және дамыту;
• татар халық және сәндік-қолданбалы шығармашылығын зерттеумен, сақтаумен және салт-дәстүрлерін насихаттаумен айналысатын шеберлерді анықтау және қолдау;
• татар халқының көркем, өзіндік ұлттық және сәндік-қолданбалы шығармашылығын дәріптеу .
• қатысушыларға өз шығармашылық өнерлерін көрсетуге мүмкіндік туғызу.
• сәндік-қолданбалы өнері саласында балалар мен ересектердің шығармашылық қабілетін ашу .
• татарлардың қолөнері және дәстүрлі материалдық этномәдениетін жаңғырту.
Конкурс татар ұлттық мәдениетіне деген сезімді оятуға, өскелен ұрпақтың татар халқының мәдени дәстүрлеріне деген сүйспеншілігін нығайту мен дамытуға бағытталған.
Қолданбалы өнер номинациясындағы қатысушылары Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде өз көрмелерін көрермендерге паш етті. Экспозиция екі бөлімнен тұрады, татар халқының сәндік-қолданбалы өнерінің заттары мен көне бұйымдарынан /19-20ғғ/ , қала
тұрғындарының жеке жинақтарынан алынған бұйымдарынан, сондай-ақ конкурсқа ұсынылған қазіргі уақытта дайындалған жұмыстардан.
Экспозицияның негізін Қазақстан және Ресей қалаларының көптеген мектептерінің үлкендері және балаларының қолдан жасаған бұйымдары құраған. Бұл татар халықтық жіппен және бисермен кесте тігуі, жібек мата және ағаш үстіне өрнектеп әшекей түсіру, ұлттық киімдегі қуыршақтар, өрнектелген бас киімдер және тағы басқалар.
Фестиваль «Күзгі Ертіс әуендері» деп аталғанымен жалпы көтеріңкі көңіл күй дәрежесінде өтті. Өткені, ұйымдастырушылар да , қатысушылар да әдеттегідей, өздерінің шығармашылықтарына барлық ниеттері мен ыңталарын салған. 500 ден астам қатысушылар 17 халықаралық конкурс жиынтығы бойынша естелік сыйлықтарға, тәтті тағамдар мен сувенирлерге ие болды.