АраласуЖаңалықтар

  Осымен үшінші рет Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде татар сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ашылуда. Көрме «Көзге Иртыш моңнары» 18-ші Халықаралық татар өнерінің фестивалі шеңберінде және  татар өнері мектебінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылды. Жобаны ұйымдастырушылар — «Хак» «Ертіс өңірі татар және башқұрт қауымдастығы»  және «Татар өнер мектебі» КМҚК.

  Дәстүрлі көрмеге барлық санаттағы әуесқой және кәсіби татар өнерін дәріптеушілер, олар татар өнер мектебінің балалары, сондай-ақ өздерінің  шығармашылық  мүмкіндіктерін көрме-байқауда сынауға тілек білдірген кәсіби қолөнер шеберлері мен әуесқойлар қатысады.

  Көрме-байқауға ұсынылған шығармалар бойынша, шеберлердің  қандай ықыласпен өздерін әр түрлі сәндік-қолданбалы өнер техникаларында  көрсете білгендерін аңғаруға болады. Бұл — киіз басу, көркем кестелеу, бисермен тоқу, ағаштан ою-өрнек жасау, күйдіру, газет шыбықтан өру, күйіктасты өрнектеп әшекейлеу, кілем тоқу, батик техникасында орындалған панно, тоқыма сәндік композиция мен ұлттық киімдерді құрастыру.

  Жердің  түкпір-түкпірінен жіберілген сувенирлер,  сондай-ақ дәстүрлі татар өрнегімен кестеленген бас киімдер – тақиялар мен қалпақтар ерекше назарды тартады. Ал, татар ұлттық киімін киген қуыршақтар көрермендерді сиқырлы ертегілер шақырады.

  Көрменің өзіндік «ерекшелігі» суретші-зергер Виктория Сұлтанованың түрлі түсті көлемді авторлық әшекейлері болды. Ол қалалық, республикалық және халықаралық көрмелердің белсенді қатысушысы. Виктория өзінің шығармашылық жұмысында әр түрлі материалдарды пайдаланады: моншақ, асыл және жартылай асыл тастар, былғары.

  Осындай бірлескен жобалар мен көрмелерді өткізу Қазақстанның барлық халықтарының этномәдени дәстүрлерін және рухани мәдениеттерің сақтауға мүмкіндік беретіндігін атап өту қажет.