«Толеранттылық дегеніміз не?»
Рухани келісім күніне арналған іскерлік ойын
— Әлемдегі ең ерекше және дара адам кім? — он бір жастағы баладан музейден келген бейтаныс мұғалім сұрады.
— Білмейсің бе?
— Жоқ, — деп жауап берді бала сәл абдырап.
— Ал білгін келе ме?
Ол шынымен білгісі келгендіктен емес, қиын сұраққа жауап бермеу үшін басын бұлғай салды. Бірақ бірте-бірте қызығушылығы ояна бастады. Мұғалім балаларға жымия қарай, қолында қорапша ұстап тұр. Енді оның тез арада планетадағы ең ерекше адам кім екенін білгісі келіп кетті.
— Көзінді жұм, қораптың қақпағын аш, сосын оған тез үңіл де, қара. Қораптың түбінде сұрақтың жауабы жатыр. Ал, енді жауабын таптын ба?
Баланың жүзіне күлкі үйірілді. Қораптың түбінде айна болды, ол өзінің бейнесін көрді.
— Мен білемін, бұл мен!
— Дұрыс, бұл сен. Сен ерекше және қайталанбас жансын, сен сияқты адам жоқ. Көршінде сен сияқты қайталанбас жан, осы сыныптағы әрбір бала, саған көшеде, дүкенде, мектепте, барлық жерде кездескен бейтаныс адам ерекше, жалғыз дара адам болып саналады. Әр жеке адам қайталанбас даралық!
Міне, осындай диалог 18 қазанда «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының» балалары мен Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің қызметкерлері арасында орын алды, бәлкім сәл өзгешелеу де. Бұл орталыққа музей қызметкерлері жаңа және ерекше сабақ өткізуге келді.
Бүгінгі күні дағдылы шеберлік сабағы емес. Сивашова Юлия Валерьевна мен Сарсембина Галия Джумажановна ағарту және маркетинг жұмысы бөлімінің қызметкерлері тамаша мерекеде, Рухани келісім күнінде балаларға өте маңызды ұғым, толеранттылық туралы әңгімелесу үшін келді.
Бұл жай әңгіме емес еді. Әрине, балалар мерекенің тарихын біліп, «толеранттылық» ұғымының мағынасы туралы әңгімелесті, осы сөзге ассоциацияларды таңдады. Бірақ мұның бәрі ең бастысы – балалар мейірімді болуды, бір-біріне жағымды сөздер айтуды, бір-бірін түсінуді және бағалауды үйренетін ойынға ғана негіз болды. Мұның бәрі оңай емес екені белгілі болды. Жанындағы адамға жылы сөз айту қиын, басқа адамды естіп-түсіну қиын және де өзіннің жан-дүниенді түсіндіру қиын екен.
Мұның бәрін қалай үйренуге болады? Басқаларға мұқият болуды қалай үйренуге болады? Мүмкін, ең алдымен, өзіңді, өзіңнің даралығынды түсініп, әр адамның да ерекше екенін ескеру керек шығар. Міне, сонда ғана түсінім пайда болады, содан кейін «толеранттылық» ұғымының барлық қасиеттері кеңінен ашыла түседі!
Әр тұлғаның бірегейлігін түсінуді үйрену — бұл ең басында сипатталған сиқырлы қорап ойынының мақсаты.
Ал, балалар сөйлесуді, диалогтік әңгіме жүргізуді үйренді. Бұл да оңай емес! Әдетте, «… Сізді түсінетіндей сөйлеуіңіз керек!»
Музей қызметкерлері мақсатына жете алды ма? Мүмкін, иә. Сабақтын басында белсенділігімен ерекшеленбеген балалардың жүздері сабақ соңында жадырай түсті. Олар өздері, келген оқытушылар емес, әңгіменің басты қатысушылары болды. Олар ұялшақтықты жеңді, көптеген жақсы, мейірімді, жылы сөздер айтты. Күздің жылы күнінде жылы сөздер балалардың жан дүниесіне жылулық сыйлады. Олардың жүздері жарқырап, көздері күлімсіреп, Рухани келісімнің нағыз мерекесі атанды.