Жаңалықтар

«Біздің қаламыздың суретшілері» сериясынан жаңа альбом басылып шықты! Жаңа басылым талантты оқушыларды тәрбиелеген суретші, мұғалім Владимир Ильич Третьяковтың өмірі мен шығармашылығына арналған.

2018 жылдан бастап Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі бірқатар альбомдар шығарды, онда жергілікті суретшілердің өмірі мен шығармашылығы туралы өмірбаяндық мақаламен бірге суреттерінің репродукциялары мен жұмыс каталогтары ұсынылған.

Бүгінгі таңда В.А. Христолюбов, Н.И. Яковлев, М.М. Беляев, Г. Т. Шереметьев, А.Д Несина, В. В. Сухов, Утепбаев Н. Н. және В. И. Третьяков сынды суретшілердің монографиялық альбомдары жарық көрді.
Басылымдармен кітапханада немесе музей сайтында танысуға болады.