Бас демеушісі – Апорт еліміздің ең ірі моллы.
Бір сәт артқы көз салайық, өткен жылдарғы Түндерге: 2014 жыл – Сева Демидовпен шығармашылық аумағы, 2015 жыл – «Алиса немесе өнер елінде?», 2016 жыл – «Ғарыштық номадтар».
Ал, бізге 2017 жыл сыйға не тартты?
Бұл жолы біз өз көрермендерімізбен өмірдің күрделі, бірақта маңызды жақтары туралы сөз қозғауды ұйғардық. Өмір, қуаныш, махаббат дегеніміз нені білдіреді және әлемде қалай жақсартуға болады? Біз өз жан–тәніміздің қыр-сырына, онда жасырын жатқан армандарға көз салу үшін ерекше саяхатқа аттанамыз. Барлығы Түн алдындағы акциядан басталды.
Бізде Сент-Экзюперидің кішкентай ханзадасының кеңесі бойынша, естеріңізде болса, күнде әр таң сайын ол өзінің планетасын тазалап отырған, Полковничий аралының бір бөлігін тазаладық. Бір кезде бұл арал біздің қаламыздың керемет демалыс орны болатын, кейінде – қоқыс пен қалдықтар аралына айналды. Арал жойылуда, жануарлар кетіп қалған және өсімдіктер жоғалды. Қоқыстарды жинау экологиялық акция бір сәтте көркемдік акцияға айналды. Табиғи материалдардан жасалынған арал құсын жасау табиғаттың адамдарға жан-айқай үндеуі болды.
Күндізгі акция өз жалғасын кешкі балалар-жасөспірімдер флешмобының ( «Гинза» би тобы, есту қабілеті нашар балаларға арналған № 3 мектеп-интернат тәрбиеленушілері) көңілді хормен жүру мен аспанға «Өмірден көз жазып қалма!» жазулары бар шарларды жіберумен жалғасты. Ал, суретші Виктор Шмидт аралдағы акциясының жалғасы ретінде «Мен жалғыз болмағанда» перформанс өткізді. Адам кез-келген өмірлік жағдайларда қасында жақын достары болса ғана бақытты бола алады. Осы ғажайып Түннің айтулы оқиғасы ретінде әлеуметтік плакаттың арт-конкурсы болды, оған біз кездейсоқ көңіл бөлген жоқпыз. Мүмкін, бұл жарнама, тұтыну жарнамасына қарсы тұратын өнер түрлерінің бірі. Біздің үндеуге 140-тан астам танымал шеберлер мен жас авторлар, дизайнерлер, оқытушылар, театр суретшілері, сәулетшілер мен иллюстраторлар, Қазақстан және Ресей СО мүшелері, республикалық және халықаралық көрмелер, конкурстар лауреаттары және қатысушылары үн қосты.
Байқауға 400 –ге жуық жұмыстар келіп түсті. Жоба географиясы – Қазақстан -Алматы, Семей, Көкшетау, Теміртау; Ресей – Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір, Омбы, Иркутск, Салехард, Владивосток; Қырғызстан – Бішкек; Белорусия – Калинковичи.
Сыйлықтар жеңімпаздарға кетеді, ал қала тұрғындарының қарқынды қызығушылығын және жарқын эмоциялар тудырған көрме тағы бір айдай қала конақтарын қуантады. Сонымен қатар, музейде көрермендерді “Біздің ауланың балалары” көрме және қаланың қуыршақ-шеберлерінің авторлық ойыншықтар көрме-аукционы ерекше жылулықпен тосып тұр еді. Виктор Шмидттің «Өз есігіңді аш» жеке көрмесі өмір туралы философиялық ой-толғауға толы болды.
Шығармашылықтың кең аумағы барлық қалаушыларды музей залдарына сыйдыра алмады. Бұнда декоративтік құстарды жасау бойынша мастер-класс өтті, сондай-ақ есту қабілеті нашар балаларға арналған интернат-мектеп тәрбиеленушілері іске қосылды. Олар біздің педагог Наталия Белякинаның басшылығымен «Менің әлемім!» ұжымдық жұмыс жасады. Ал, саябақта «Өз картинаңды жаз» көрермендер жұмыстар көрмесінің белсенділігі артты. Өнер әлеміне шақырған интерактивтік саяхат-ойыны қонақтарымыздың көңілінен шықты.
Ал, дәл осы уақытта музей алдындағы концерттік алаңда керемет спекталь жүріп жатты, оның лейтмотивы – адам және барлық тіршілік иесіне деген махаббат. Біз Тарковский және Омар Хайям, Киплинг және Высоцкийдің өлеңдерін тындадық. Коломбина, Пьеро және Арлекина рөлдерін, осы түн кейіпкерлері жүргізген, Достоевский театрының дарынды және тамаша актерлері Анастасия Малицкая, Андрей Глушков, Александр Суховтар сомдады.
Мерекеге Светлана Киляоглова және Ольга Феденеваның авторлық киімдер денфилесі ерекше күтпеген сезім мен үн қосты. Концерттік бағдарламаға Семей және Өскемен қалаларының «Достык» ансамблі, «Модель 5», «Hard Box», «Sredy Bezobrazy» топтық ансамбльдері қатысты.
Түн ғажайып өтті! Осы түнге қатысқан көрерменнің көптеген саны ғана емес бізді қуантқан, ол бізге үйреншікті, негізі бір-біріне деген жақындық сезімі толғандырған. Ол туралы айтылды, таңданыстыр орын алып жатты. Қоштасқан жас қыздар мен бозбалалар тілектерін келесі сөздермен жеткізіп жатты: Біз әлі сағынамыз! Бұл керемет бақыт!
Әрқайсымыз әлемді әділ және адамгершілікке толы, болашақтың жоғары рухани шындығын құруға туылғанбыз. Ең бастысы – біздің қолымызда! Тек жанындағы біреуге бір рет көмек қолын созсаң болғаны.
Ойлап қарасақ, құстың бейнесі жобаның символы болуы кездейсоқ емес еді. Өйткені, құс – бұл тек табиғаттың бөлігі ғана емес қой, ол адамның кемелдікке, бақытқа мәңгі ұмтылуын білдіреді.
Жоба кураторы С. Киляоглова, Қазақстан СО мүшесі.
\