3 ақпан 2017 жылы ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен Музейдің «Мәдениет арқылы үн қатысу» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған Туве Крабоның «Түзелмейтін қателік: алғашқы найзағай» жеке көрмесінің ашылуы өтті.
Көрмеге осыдан 25 жыл бұрын ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен жабылған Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарға және адамзатқа, қоршаған ортаға тигізген зардабын көрсетуге арналған жұмыстар сериясы ұсынылды.
Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар — осының айқын дәлелі. «Первая молния» — бұл 1949 жылы қолданылған арнайы құпия сөз. Сол кездегі кеңестік режим маңайдағы халықты басқа жерге көшірместен, ядролық сынақтар жасай бастады, соның салдарынан жергілікті тұрғындар сұрапыл зардап шекті. Толып жатқан ядролық жарылыстардан соң Семей жерінде терең шұңқырлар, қираған тау мен Атом көлі қалды.
Жұмыстар арасында Шаған радиактивті атом көлінің суреті көз тартады. Оның түбіне батып бара жатқан жансыз фигуралар, суретшімен еске түсірілген «ақырзаман» сәтін бейнелейді. Картиналар арасында полигонды қысқаша және алаламай тура көрсететін жұмыстар бар. Былай қарағанда, қарапайым жұмыс сәттері болуы мүмкін, алайда, біз де, дамыған сонау Швеция жерінен келген жұмыстар авторы да білеміз және түсінеміз, мұнда адамдар қаншалықты жан түршігерлік қылмыс жасағандарын. «Барлық зұлымдықтың артында адам тұрады» деген осы.
«Мен өз тәжірибемде мәтінмен жеткізу мүмкін емес әлдебір нәрсені, мәтіннен айтарлықтай өзгеше бір дүниені салуға тырысамын. Ол мен жұмыс жазып жатқан кезде шығармашылық үстінде, көңіл-күйдің әуеніне қарай пайда болуы мүмкін. Нәтижесінде соңғы шешімді акварель мен сия қабылдайды. Менің өнерім кино секілді, онда драма, көңіл-күй, қозғалыс, жарық пен түнек бар. Көбіне өз образдарымды интернет желісінен аламын, олардың басым бөлігі адамзат трагедиясы мен экологиялық зардап шеккен орындар. Мен қазіргі қоғамдағы апатты оқиғалар ағымы адамзатты мейірімсіз ете ме деп қорқамын. Адамзатқа қасірет әкелетін құбылыстар мен оқиғаларға жаңа, шынайы мән-мағына беретін жанашырлық пен түсіністік секілді сезімдерді бейнелеу өнері арқылы қайтарғым келеді», — дейді суретшінің өзі.
Қазіргі уақытта Туве Крабо Гетеборг қаласында (Швеция) тұрып және жұмыс істеп жатыр, ол 16 жыл бойы шетелде тұрған, соның ішінде Франция, Австралия, Иордания. Ол Марсель және Парижде бейнелеу өнеріне үйреніп машықтанды, ал 2003 жылы Парижде бейнелеу өнері мектебін бітірді. Автор кино, проза, бейнелеу өнері тәрізді өнердің түрлі саласымен шұғылданады.
Туве Крабо Швеция, Франция, басқа елдердегі көптеген көрмелердің қатысушысы. Біздің қаламызға швед суретшісінің көрмесі Астана қаласынан келді, онда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейінде көрмеге қойылған.