Жаңалықтар

«30 тамызда бүкіл ел Қазақстан Республикасының Конституция күнін атап өтеді. Бұл халықтың арманы мен ұмтылысын, сондай-ақ біздің Отанымыздың –  құқықтық, зайырлы және демократиялық мемлекеттің сенімді дамуын бейнелейтін ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі».  Бұл қоғам мен мемлекеттің тамаша мерекесі – Республикамыздың Конституция күніне орайластырылған Невзоровтар отбасы музейіндегі көрме туралы фильмнің сөздері.

Ежелден бері сар дала саяхатшылардың көзін  сұлулығымен тамсандырып, суретшілердің жанын баурап, ғалымдарды тылсым жұмбақтарымен қызықтырған. Уильям Рурбук, Джон Кэстль — алыс Еуропаға Ұлы Даланы ашқан алғашқы батыс саяхатшылары.

Ағарту дәуірі жаңа тартымдылықпен шалғай жерлерге деген қызығушылықты арттырды. Көптеген энциклопедиялар жүйелі ғылыми білімнің бастамаларын берді, әдебиетте саяхат жанры пайда болды, ол көргендерін толық жете суреттеуді талап етті, сонымен бірге кітап иллюстрациясы да жаңа мәнге ие болды. Бұл үшін ең қолайлы техника гравюра болды.

2019 жылы BonArt аукцион үйі музейге Ұлы дала мен оның мекендеушілері бейнелеген XIX ғасырдағы француз және ағылшын саяхатшыларының 7 гравюрасын сыйға тартты. Олар Огюст-Вален Домс, Анри-Теофиль Ильдебрандт, Эмиль Вернье, И.П. Прянишников және басқалар.

Таулар мен киіз үйлер, көшпенділердің өмірі, олардың костюмдері мен тұрмысы – гравюралардың негізгі тақырыптары. Олардың барлығы бір кездері саяхатты суреттеуге арналған және бүгінде музейдің көрме залдарының бірін безендіріп тұр. Олармен бірге бүгінгі көрермен бір жарым ғасыр бұрын еуропалық саяхатшылардың біздің даланы қалай көріп-білгенін түсіне алады.