Виктор Белослюдовтың жазбаларының арқасында бізге алғаш рет Семейде XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген және жұмыс істеген суретшілердің есімдері белгілі болды. Олар: О. Васильев,П. Полинин, В. Халдеев, В. Колмаков, Е. Рунин, А. Белослюдов. Бұл каталогтар бізге суретшілердің қандай жанрда: пейзаж, портрет, натюрморт, және негізінен барлығы акварель техникасында жұмыс істейтінін көрсетуге мүмкіндік береді.
Әлі күнге дейін сақталып қалған В. Колмаковтың «Шеберханадан көшенің көрінісі. 1918 ж.» (кенеп, майлы бояу, 50х66) жұмысы Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде сақтаулы.
Осы композицияда Әулие Александр Невский шіркеуі орналасқан Большая Владимировская көшесі бейнеленген. Мұрағат материалдарынан храм 1882-1890 жылдары Семей қаласының көпесі Ф. Плещеевтің қаражатына салынғаны, 1929 жылы жабылып, ғимарат клуб ретінде қайта жабдықталып, кейін қиратылғаны белгілі болды.
В. Колмаков жарық-ауа перспективасын шебер беріп, ашық күн мен ағаш үйдің фактурасын айқын көрсетті. Суретшімен композицияға енгізілген жазулар суретті тұрмыстық емес етеді.
Материалды Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің ғылыми қызметкері И. Халитова дайындады.