Жаңалықтар

   XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Семей елдің мәдени және көркем өмірінің орталығына айналды.
1909 және 1913 жылдары В.Белослюдов ұйымдастырған көрмелерге қатысушылардың бірі, оның сүйікті оқушыларының бірі Виктор Халдеев 1920 жылдары Көркемөнер-өнеркәсіп мектебі кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді. Бұл мектеп «№82 Потанин көшесі бойынша (Луначарский театрының жоғарғы қабаты) 14 қараша күні кешкі сағат 8-де ашылды. Мектептің мақсаты — өнеркәсіп саласындағы мамандарды да, қолданбалы-оқытушыларды да дайындау. Ол үшін ағаш-жиһаз, сәндік, станокты кескіндеме шеберханалары құрылды». Мектепке 16 жастан асқан ер және әйел адамдар да қабылданған. Мектеп жанында жұмысшылар мен қызыл әскер жауынгерлері үшін кешкі сурет салу курстары ашылуы жоспарланған, бәлкім ашылғанда болар.
   Виктор Халдеев Виктор Белослюдовтың сүйікті оқушысы болды. Көркем студиядан кейін ол Петербургтегі Көркемсурет академиясында оқыды. Мәскеу қаласында өткен бүкілодақтық көрмелерге, қаламыздың көркем көрмелеріне қатысты.
Фотосуретте Луначарский атындағы театр ғимараты, онда 20-шы жылдары қалада көркем-өнеркәсіп мектебі жұмыс істеді.
 

   Мақаланы дайындаған музейдің ғылыми қызметкері И.Халитова.