Жаңалықтар

Невозоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейінің жыл сайынғы «Музейдегі түн» көркемсурет акциясы қарсаңында жаңа көрме ашылды. Көрме суретші Виктор Федорович Шмидттің шығармашылығына арналған .  Бұл есім  біздің  қаланың көркем өміріне терең сіңген есімдердің бірі. Отыз жылдан аса автор қала музейлері мен театрында шығармашылық қызметте, ондаған көрмелер мен театрлық қойылулар, жүзден асқан картиналар және километрлі бейнелемелер – бұның барлығы оның өмірінде. Сондықтан да өзіндік шығармашылық таңдау жасауда, өнерде  «үлкен» тақырыпты анықтауда және адалдықпен соңына дейін оны бірегей мазмұндауда оған көмекке келген осы жердің , уақыттың және оны қоршаған адамдардың рухани құрамы болса келер.

Көрмеге соңғы үш-төрт жылдар ішіндегі көркем кескіндеме туындылары, сондай-ақ суретшінің жаңа инсталляциясы қойылды. Бұл жұмыстардың кейбіреулерін Өскемендік көрермендер (2016 жылғы көрмеде) көрген, кейбір жұмыстары былтырғы Семей суретшілерінің күзгі көрмесінде қойылған, бірақ негізгі бөлігі осы көрмеде алғашқы рет паш етілді.

Виктор Федорович Шмидт 1960 жылы Семей қаласында дүниеге келді. Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркем-графика факультетін бітірді (1983). 1986 жылдан бастап жеке жəне топтық көрмелердің қатысушысы. 2002 жылы «Тенгри- Умай» Х — Халықаралық арт-фестивалінің дипломанты атағына ие болады (Алматы). 2003 жылдың желтоқсанында Новосібір қаласында «Ресейдегі Қазақстан мəдениетінің жылы» шеңберінде «Елесті бейнелеу» атты дербес көрмесі өтеді. Оның дербес көрмелері Өскемен қаласының ШҚО өнер музейінде жəне Семей қаласының музейлерінде ұйымдастырыл- ған. Елабуга қаласында өткен «Ұлы Жібек жолы» Х — Халықаралық арт-симпозиумның Лауреаты (2015). Қазіргі уақытта — Ф.М. Достоевский атындағы облыстық драма театрында бас суретші. Қылқалам көркемсурет туындылары Қазақстан жəне шет елдерінің жеке жəне музей жинақтарында сақталуда.

Өмірдегі ең үлкен құндылық – қарым-қатынаста болу мүмкіндігі.  Жоқ, күнделікті, міндетті, дағдылы түрдегі, қатаң шеңберге итермелейтін емес, бізді рухани байытып, әрбіреуімізді естіп, түсінетіндей қарым-қатынас керек.

Бүгінгі көрме кеңістігі – бұл осы  ашып отырған метафоралы есік артында қалған суретші жанының кеңістігі. Мұнда әр картина – суретшіні толқындыратын ойлары, өмірде маңызды заттар мен құндылықтар жайлы пікірлері. Сондықтанда өзін түсіну, адамды зерттеу оған үнемі қызықты болған.

Буркитова Гульнар, куратор