Неміс фотографы, дизайнер, әлеуметтанушы өзінің көптеген Қазақстанға сапарларында жылдам өсіп-дамып келе жатқан Астанада өткен «кеңес» тұрмысы элементтерімен қазіргі халық болмысын және Батыс ағымымен кенеттен үйлесім тауып жатқанына таң қалуда.
Салынып жатқан ғимараттардың қоршауларына фотоаппараттың объективін бағыттаған суретшінің көреген көзі олардың символды мәнін байқаған. Олар, осы қоршаулар, ақ қарлы таулар, шексіз дала, жасыл көгал және шексіз ақ қайынды ормандар артында «жоғалып» кеткендей.
Табиғи сахна ретінде олар өсіп келе жатқан қаланың элементтері болып табылады және қазақ қоғамының ауылдық дәстүрлерін еске салады, жеке меншік кеңістікті қоғамдықтан бөледі.
Әрине, бұл қалалық дизайнның жаңа артефактілері уақыт өте жоғалады және ертеңгі күні басқа жерде, басқа түрде пайда болады. Бір-біріне қарама-қарсы, кейбір кезде қазіргі қаланың темірлері және қатты бетондарымен қатар орналасқан уақытшылдық және тұрақсыздық ерекше сүйкімділік береді.
Дитер Зайтц үшін үйреншікті нәрсенің артындағы ақиқат шындылықты көру тән қасиет. Жасыл орман, ақ қарлы таулар, ақ қайындары бар үлкен баннерлермен көмкерілген қаланың құрылыс алаңдары жаңа иррационалды кеңістік елесін тудырады.
Біздің қонақ – Берлиндегі «Жаңа фотосурет мектебінің» түлегі. Д.Зайтцке жинаған тәжірибесі, қоршаған ортаны мұқият зерделеуі, қоғамның мәселерінде, ондағы адамның орны туралы, барлық тірі мен жаңа құрылғанның қатынасының қайшылығын көрсетуге мүмкіндік тудырған.
Фотосуреттердің бірінде символ ретінде: бетонды егіздер — көпқабатты үйлер, қайқыйған ағаштардың жалаңаш бұтақтары, ал сурет кескіні «партерінде» — жасыл желектер фонында ғажайып «биші қайындарды» көруге болады. Ал олардың ортасында қайырымсыз «машина-теңгермешілік». Ол – бульдозер. Бірақ оны сұлулық пен үйлесімдік іздеген фотосуретшінің кадрі тоқтатқан.
Көрмеде автордың 29 жұмысы ұсынылған.