2022 жылдың 2 сәуірінде өнер сүйер қауымның кезекті кездесуі өтті. Бұл күннің ерекшелігі – музейге қонақ келді. Ол – Семей қаласының ақыны Владимир Степанович Сулыгин.
Кеш екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде Владимир Степанович Виктор Шмидттің «Қыс -2022», — деп аталатын қаңтар айындағы картинасына талдау жасады. Суретші шығармашылығының алдыңғы кезеңін қазіргі кезеңмен салыстыра отырып, ақын, В.Шмидттің фигуративті бейнелеуден алшақтап, экспрессивті абстракцияға бет бұрғанын байқайды. В.Сулыгин картиналарды шыншыл, терең талдап, шығармалар мазмұны жарыққа толы екенін атап өтті.
Екінші бөлімде көрермендер қонаққа сұрақтарын қойды. Ақын барлық сұрақтарға жанды, әзілмен жауап берді, ақынның өлеңдері де осында тыңдалды. В.Сулыгиннің лирикалық, тербелген, шынайы, үстірт емес, терең поэзиясы кездесудің сәнін келтірді.