Невзоровтар мұражайында Семей қаласының №6-шы мектеп гимназия оқушыларына дәстүрлі «Ғылым күні» шарасы өтті. 6-шы сынып оқушыларымен мұражайдың суретші — рестовратор О.О.Рубинчикпен және балалар көркем студиясының жетекшісі Н.А.Белякинамен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында «Картиналарда ауырады немесе кескіндемені қалпына келтіру дегеніміз не ?» деген тақырыпта балалар дәріс тыңдады.
Оқушылар қалпына келтіру шеберханасының құпия бөлмесінде өз білімдерін одан әрі шыңдады. Арнайы құрылғылармен танысу оқушылардың үлкен қызығушылықтарын арттырды.
Осы уақытта басқа топ балалары мұражай ішінде саяхаттады. Бұл саяхат өнердің түрлеріне арналады. Балалар диалог түрінде жұмбақтарға жауап бере отырып, бейнелеу өнерінің түрлері және жанрларынан сауаттарын ашты. Кескіндеме және графика құралдарымен танысты.
Шараның соңы берілген тақырыптар бойынша жобаларды қорғаумен аяқталды.