— Ей, қожайындар, не деген хош иіс! Құймақтан ауыз тигізесіздер ме?
Қарт Янсен екі жаққа ашылмалы есіктің жоғарғы жартысын ашып, көршілерінің кішкентай, қараңғы, түтінге толған асханасына көз тікті. Пештің жанында орындықта қартаң әйел отыр. Уақыт өз дегенін алады қартаң тартқан әйел ұзақ уақыт түрегеліп тұра алмағандықтан аласа орындық үстіне жайғасып, отқа қызған табада асықпай құймағын пісіріп отыр, арасында айналасына көз шалып қояды. Оның жанында жайбырақат кәрі шал отыр. Ошақта көмір шытырлап жанып жатыр. Қарт шал пештен қысқашпен бір тал көмір шоғын алып мүштікті тұтатты. Қарттардың бей-жай күйін қожайындар артында үй тірлігімен айналысып жүрген қызыл шырайлы, пысық бойжеткен бұзып тұр. Ол қонаққа көңілді жауап берді.
— Сәл кейінірек болмаса, әйтпесе қараңыз Петр бәрін опырып жеп жатыр — деді ол, қарт әйелдің аяқ жағындағы кішкентай орындықта отырған, қолында дәмді құймақ ұстаған бала жаққа басын изей көрсетті..
Қуырылған қамырдың, шүберекке оралып төбеден салбырап тұрған құрғақ шөптердің, пештен шыққан түтіннің және жағымсыз иісі даладан кірген таза аязды ауамен алмасып бүкіл бөлмені алып кетті.
Әрі қарай не болды?
Ал, оны көрерменнің қиялына қалдырдық. Казір оның көз алдында әйгілі және танымал шебер Висхер Корнелистің «Құймақ пісірген әйел» гравюрасынан көшіріліп жасалған белгісіз шебердің кішкентай гравюрасы тұр.
Висхер Корнелис (1629-1662), гравер, суретші және керемет портрет суретшісі, көрнекті голландиялық гравер Питер Саутманнан дәріс алды, 1653 жылдан бастап Харлемдегі Әулие-Лука гильдиясының мүшесі болды. Ол П. П. Рубенс, А. Ван Дейк, А. Браувер, А. Остаде, Н. Берхем және т.б. шығармалары бойынша ойғышпен қолдана отырып қайталанбайтын репродукциялық гравюралар жасады.
Музей коллекциясындағы жұмыс Висхер Корнелистің шығармасынан көп жағынан ерекшеленеді. Біріншіден, бұл орындау техникасы. Музейде мысқа ойылып жасалған гравюра сақталған, ал В. Корнелис өз жұмысын офорт техникасында орындаған. Екіншіден, музей гравюрасы кішірек және айна бейнесінен көргендей, яғни барлық фигуралар басқа бағытқа қарап тұр. Штрихтауда адамдар мен жеке бөлшектердің орындалуында басқа да айырмашылықтары бар.
Висхер Корнелистің «Құймақ пісірген әйел» немесе «Құймақшы» әйгілі туындысын басқа да шеберлер неше мәрте репродукциялаған. Мысалы, Якоб Голя меццо-тинто техникасындағы гравюрасы айналық бұрылыста жасалған. Ол туралы Ф.Гольштейннің анықтамалығында (VII том) және Дж. Вессели офорттар каталогында айтылған.
Бұл гравюра Невзоровтар отбасы жинағынан Семей коллекциясына келіп түсті. Ол музейге 1988 жылы басқа шығармалармен бірге сыйға тартылды. Бұрын бұл жұмыс Л. С. Маковтың гравюралар жинағында болған.
Сонымен, біздің гравюрамызды жасаған шебер кім? Неліктен кішірейтілген өлшемде және айналық бұрылыспен? Бұл сұрақтар ашық күйінде жауапсыз қалып отыр. Бізге, музей қызметкерлеріне, оларға әлі жауап табу керек.
Әзірше, көрермен голландиялық өмірдің атмосферасына еніп, өзін қонақ сияқты сезініп, сюжеттік желінің қалай аяқталғанын өз қиялының ырғағымен болжай алады…
Материалды дайындаған ғылыми қызметкер И. Рекида