Жаңалықтар

Өнер сүйер қауым клубының кезекті кездесуіндегі романс кеші

 Абай облысы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде тағы бір мереке өтті. Ескі залда романстар шырқалды. Өнер сүйер қауым клубының қатысушылары үшін халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің оқытушысы Қайсар Мұхтар колледж концертмейстері Монсурова Фариданың сүйемелдеуімен ән шырқады. Оның орындауында әлемдік, орыс және қазақ классиктерінің шығармалары орындалды: “O del mio dolce ardor”  , «Средь шумного бала», «Гори, гори моя звезда», “Vergine,tutto amor”, “Есіңде бар жас күнің” және басқалары. Романс әуендері сахнадан қалықтап, көпес Степановтың бұрынғы үйіндегі ескі театрының шаңырағында жайылды.

Бұл қаладағы әйгілі әншінің концерті ғана емес, шығармашылық кеш болды. Кештің жүргізушісі – ағартушылық және маркетингтік жұмысы жөніндегі бөлім басшысы Шинжина Лаура Вахаевна тыңдаушыларды орындаушымен таныстырып, одан кейін романстың және кеште айтылған әрбір шығарманың тарихын айтып берді.

Жағымды баритон, керемет сүйемелдеу, жүргізушінің жайбарақат, бірақ мағыналы әңгімесі және ескі үйдің атмосферасы тыңдаушыларға үлкен әсер қалдырды. Осы кеште алынған жүректі тебірентетін әсерлер жайлы көптеген пікірлер айтылды. Міне олардың біреуі:

«Достар, бүгінгі кездесу «от» болды, бізге бәрі өте ұнады, ал «Сағындым сені» сахнаны жандандырды, менің ойымша, көптеген адамдар менімен келіседі…»

Кездесу алматылық суретші Георгий Макаровтың жақында ашылған көрмесі бойынша экскурсиямен жалғасты. Оны эстетикалық тәрбие беру секторының басшысы Неудачина Ольга Андреевна жүргізді.

Клуб жұмысын жалғастыруда. Өткен романс кеші жүргізілген экскурсия сияқты  жарқын әсер қалдырды, бірақ бұл әлі соңы емес. Біз көптеген қызықты іс-шараларды дайындап қойдық және келесі кездесуде не күтіп тұр…? Келіңіздер, біліңіздер!