Жаңалықтар

Бүгін ғажап адам, Юлий Владимирович Невзоровтың туған күні! Оның өмірден өткеніне 13 жыл болды. Юлий Владимирович біздің есімізде мәңгілікке қалады. Невзоров  біздің қалаға келген күндерін, көрермендермен және музей қызметкерлерімен қатынасқан кездерін үлкен жылулықпен еске аламыз. Экскурсия жүргізген сайын біздің қаламыздың мәдени өмірінің дамуына орасан үлес қосқан тамаша сый тартуы үшін алғысымызды айтудан жалықпаймыз.

Жалпы осы дүниеге өзге адамдардың өмірі мен тағдырын өзгерте алатын адамдар келетіні бізге жақсы мәлім. Осындай адамның бірі Юлий Владимирович. Ол үшінші  ұрпақ коллекция жиюшы, сұлулықты жан-тәнімен сүйетін, қолындағы барын ұнаған картинаны сатып алу үшін бере салатын, көптеген өнер туындыларын жойылудан құтқарған — ерекше жан еді. Әйтпесе, ол белгісіз алыс қалаға өзіне  құндылығы маңызды картиналардың бір бөлігін сыйлай алар ма еді? Олардың өлшемі ақша тұратындықтан емес, оның жүрегіне қымбат болғандықтан құнды. Бүгінгі күндері адамдар осындай риясыз іске қабілетті ме?

1987 жылы Юлий Владимирович Семей қаласында жаңадан құрылған музейге өз коллекциясынан бес жүзден астам туындыны сыйға тартады. XVIII – XX ғасырлардағы ең ірі орыс және кеңес суретшілерінің картиналары енді шағын провинциялық қаланың көрермендеріне қол жетімді болады. Бұл сый тарту көптеген семейліктердің өмірін өзгертті. Енді И.Левитан мен А. Саврасовтың жанды пейзаждарын, И.Шишкиннің қылқаламымен берілген ашық кеңістіктер орманының ұлылығын, Тропининнің суреттеріндегі адамның жан-дүниесін терең түсініп-білу үшін Мәскеу мен Ленинград қалаларына барудың қажеті жоқ еді. Сонымен қатар, музей, осы өнер ордасында жұмыс істейтін қызметкерлерге туған үйіне, отандық суретшілердің өз шығармашылығын таныстыру үшін беделді орынға, өскелең шығармашылық ұрпақ үшін жақсы мектепке айналды, бірақ ең бастысы – Невзоровтар отбасы атындағы музей әрбір адам үшін маңызды мәдени нысан және тартымды мәдени орталық болып табылады.

Туған күніңізбен, Юлий Владимирович!