АраласуЖаңалықтар

ШҚО өнер музейі қорынан (Өскемен қаласыЖүнісов Марат Қайсанұлының көркем туындыларының көрмесі (1947-1999)

Екі экспозиция залдарында Марат Жүнісовтің туындылар көрмесі ашылды, Өскемен қаласындағы Өнер музейі қорынан әріптестеріміз  көрмеге қоюға ұсынды.  Көрмеге  XX-шы ғасырдың 70-90-шы жылдары жазылған 24 көркем кескіндеме жұмыстары қойылып отыр.

Жүнісов өзінің көркемдік жолын он екі жасында Өскемен қаласындағы  пионерлер Үйіндегі көркем студиясында, өзінің тұңғыш педагогы Ефим Наумович Годовскийден дәріс алып жүрген кезінде бастайды.  Мектеп бітірген соң Алматы көркем сурет училищесіне келіп түседі. Кескіндеме өнерінің негіздеріне Қазақстанның  танымал шеберлері — Айша Ғалымбаева және Молдахмет  Кенбаевтаң оқыған.  Н.В. Гоголь атындағы АКУ тәмамдаған сон, ол  көркем суреттік  білімін И. Репин атындағы Ленинградтық кескіндеме, мүсін және сәулет институтында жалғастырады. Оның ұстаздары кескіндеме профессорлары  А.С. Зайцев және В.В. Соколов. 1973 жылы  Жүнісов суретші-педагог дипломын  алады. Алматыға келген жылдары (1973-1975-ші жж.),  ол Алма-Ата  көркем училищесінде арнаулы қосалқы пәндер бойынша дәріс береді. 1975 жылы өнертанушы  мамандығы бойынша ұстаздық етуге шақырылуымен,  жұбайы Наталья Иванинамен  бірге  Қарағандыға кетеді.

1978 жылы КСРО суретшілер Одағының мүшесі қатарына кіреді.

Суретші түрлі жанрларда көп және жемісті еңбек еткен: портрет, пейзаж, натюрморт, сюжеттік композициялар. Көбінесе ол өзінің жақындарын суретке бейнелеген – үлкендерді, балаларды, өзінің отбасының мүшелерін («Әйелімнің портреті», қ., пастель; «Ұлымның портреті», қ., акварель; «Әйел портреті», қ., қара көмір).  Жүнісовтің лирикалық дарыны  оның пейзаждық жұмыстарында ерекше күшпен  белгіленген, онда нәзік көркем рәуіштілігі өзіндік әлемінің қоршаған орта кеңістігімен  үйлесімді үйлесімін көрсетеді («Дала кеші», к., майлы бояу, 1976; «Күзгі этюд»; «Алғашқы қар»). Әр түрлі елдерге жасалынған көптеген шығармашылық сапарлардан жұмыстардын  үлкен санын алып келетін, онда ол көргендерінен алған өз эмоциялық әсерін  ғажайып дәлдікпен жеткізетін («Латвиялық әуен», «Рига соборында», «Хива. Собор алаңы», «Флоренция. Таң»).

Анри Матисс  суретші ешқашан өз-өзінің, бір мәнердің тұтқыны болмауы тиіс деп айтқан. 1990-ші жылдары суретші шыңайы ақиқатты  академиялық бейнелеуден бас тарта бастайды. Ол басқа жолды ұстануға бет бұрады. Жұмбақ мәнге толы, айтылмаған… көрерменнің қиялын жетілдіре, толық жауабы жоқ  елес-картиналар пайда бола бастайды  («Көзқарас», «Күн ұлы», «Аспан әуені», «Сағым»). Жаңа формалар, түстер, композициялық шешімдер, бұның барлығы шығармашылықтың бір құрамы ғана, ол  эксперименттеуге ұшы-қиыры жоқ еркіндік  береді.  Марат көбінесе графика техникасына бет алады — акварель, гуашь, пастель, тушь, түсті қарындаштар, бұлардың барлығы соңғы жылдарғы көптеген композицияларды  құру үшін оның басты техникалық құралынам айналады. Өкінішке орай оның көптеген шығармашылық ойлары, идеялары жүзеге асырылмады, оған оның дүниеден ерте кетуі себеп болды. Суретші елу екі жасында дүниеден озады.

Осы көрме біздің көрермендерімізге Қазақстан бейнелеу өнері тарихында өшпес із қалдырған  дарынды суретшімен танысуға мүмкіндік береді.

Бас қор сақтаушы Қ.Ысқақова