ЖаңалықтарЖаңалықтарХабарландыру

Қазақстан үшін ең бір маңызды тақырыптардың бірі  – «ЭКСПО 2017.  Болашақтың энергиясы».  Бұл сөздер Семейліктер үшін 2016 жылғы қыркүйек айында  көрінетін әлем мазмұнына ие болды.  Бұл керемет сәтті Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі қала тұрғындарына сыйға тартуда. Осы ерекше көрме  Невзоровтар музейінде көрініс алады.

Атауы оның өзі айтып тұрғандай : «БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС:  МАҢЫЗДЫ МҰРА».   Бұл  көрме қаламызға  Астана ЭКСПО 2017 ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ  және EMC (EURASIA GOLD) музей демеушілері, елімізге танымал Мұқашевтар,  бизнесмендер  отбасы – нағыз өнертанушы және бағалаушылар  арқасында  әкелінген.

СТРОМСКАЯ Т.А. – музей басшысы: «Біздің қалада  алғаш рет өзекті өнер көрмесі өтуде.  Бұл көрме біздің музейде өтетіні қуанышты сәт. Біз   демеушімізге, біздің мұражайға және, әрине, қала тұрғындарына олардың мұндай сыпайы ишарат көрсеткендеріне шын жүректен ризамыз.

«Осы төрт суретшінің әрбіреуі жеке тұлға. Олардың өз-өзін танытудағы бейнелері  мен тәсілдері  әртүрлі.  Бірақ оларды сол уақыттағы  90-шы жылдары  және 2000-шы жылдар басында  құрылған жұмыстары біріктіреді.  Бұл  Қазақстан өнеріндегі  суретші мен көрерменнің, эмоциялар мен  эксперименттер арасындағы шығармашылық ізденіске , көңілдің жабырқанқылығына,  шиелініскен қарым-қатынастарға толы кезең еді».

Біздің музей актуалды өнер көрмесін ұсынады. Бұл – Қазақстанның жетекші суретшілерінің көркем кескіндемелері, графикасы, инсталляциялары, арт-нысандары.  Олар: РАШИД НУРЕКЕЕВ, ЕЛЕНА ВОРОБЬЕВА, САУЛЕ ДЮСЕНБИНА және САКЕН НАРЫНОВ.

РОЗА АБЕНОВА – ҚР Ұлттық музейінің қазіргі заман орталығының басшысы:  «Жаңа көрмеде ұсынылған концептуалдық өнер,  өнертанушылардың айтуынша, Қазақстанда 1990-ші  жылдар аяғында туындаған.   Біздің суретшілердің әрқайсысы  қателер  мен сынаулар  жолымен дегендей,  дара   өздеріне таныс емес жолдармен кеткен.   Бұл  ізденіс жолы  этикалық, адамгершілік құндылықтарды,  өткен кезеңнің рухани тәжірибесін және оның  осы және болашақпен байланысын түсіну болып табылады».

Көрме ерекше және арбайтын «Астероидтың соңғы ұшуы: автопортрет»  арт-нысан  айналасында құрылған.  Арт – нысанның авторы  — ғалым, архитектор және суретші Сакен Нарынов.  Бұл  – ғылым мен өнердің синтезі, көркемсуреттік түсіну  және адам бір бөлігі болып табылатын КҮН ЖҮЙЕСІ ұғымын қайта түсіну.

Сауле Дюсенбинаның жұмыстарында  барлығы және барлық нәрсе  шиелінісіп байланыс тапқан: ғасырлар, кеңістіктер, өнер және   мыңдаған адамдар ұрпағының  тұрмысы.

Рашидом Нурекеевпен жинақталған заттар, жаңадан ұғымға ие болып  көрермендерге  шыңайы өмірдің өткен өмірмен байланысын білдіреді.

Көрме 2016 жылдың 7 қазан айына дейін болады.  Сізде осы қызықты, ерекше жаңалықты танып білуге толықтай  бір ай уакыт бар!