ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
«Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейі» КМҚК-ға
келушілерге санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау бойынша Жадынама
Жалпы ереже
Осы жадынама карантиндік режимнің барлық көзделген санитариялық шараларын сақтау шартымен карантиндік шараларды кезең-кезеңімен төмендету жөніндегі мемлекеттік музейлердің жұмысына арналған Талаптарға сәйкес әзірленді.
Бұл жадынама келушілерге санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау бойынша әзірленген және музейге бару кезінде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған және музей аумағындағы барлық келушілердің орындауы міндетті.
Музей аумағына: автотұрақ, вестибюль, киім ілетін орын (гардероб), кіреберіс дәліздер, баспалдақтар, экспозициялық залдар мен дәретхана бөлмелері кіреді.
Санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес Музей киім ілетін орындар (гардероб) мен сақтау камераларын қоса алғанда, барлық бөлмелерге үнемі толық санитарлық өңдеу жүргізіп отырады.
Жұмыс кестесі, тегін күндер, бағалар мен жеңілдіктер сақталған және музейдің ресми сайтында (https://nevzorovcollection.org/yzmetterdi-ba-asy?lang=kz) көрсетілген. Музейде жүріп-тұру тәртібін реттейтін ақпарат кіру аймағында және музейдің экспозициялық залдарында ақпараттық анықтамалық тасымалдағыштарда орналастырылған.
Кіру билеттерін сату касса арқылы жүзеге асырылады. Анықтама телефондары: 52-62-76, 52-20-19.
Музейге бару тәртібі мен талаптары
Музейдің негізгі ғимаратына Пушкин көшесі жағынан орталық кіреберіс арқылы кіруге болады, шығу да осы жақтан, алдыңғы немесе кейінгі топтармен 10 минуттық уақыт аралығын сақтай отырып.
Мұражай жеке келушілерді, сондай-ақ бір уақытта 10 адамнан аспайтын топтарды қабылдайды. Экспозицияны көру уақыты 50 минутпен шектеледі.
Залдардың сыйымдылығы келушілер аймағында 5 шаршы метрге 1 адамға әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен келушілермен шектеледі. Қауіпсіздік мақсатында Музей қызметкерлері басқа келушілер бұл кеңістіктен (экспозал) шыққанша дейін залға баруды шектей алады.
Экскурсиялық топтардың саны залдардың толу шамасына қарай және телефон арқылы алдын ала келісім бойынша қалыптастырылады.
Әлеуметтік дистанцияларды қамтамасыз ету үшін касса және киім ілетін орындар (гардероб), санитарлық тораптар және т.б. алдында құрылатын кезектерде, сондай-ақ, әр музей экспонатының алдында еден белгілері орнатылған.
Келушілер тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында:
- маска (бетперде) мен қолғапты қолдануы керек
- музейге кірген кезде дене температурасын контактісіз тексеруден өтуі керек. Қауіпсіздік мақсатында Музей қызметкері дене температурасы жоғары болып тұрған келушіге, музейге кіруге бас тартуға құқылы
- сақтау камерасында антисептикалық гельдер мен спрейлерді қалдыруға болады, өйткені музей залдарында антисептикалық заттар орнатылған
- музейге кіру, шығу және ішінде басқа келушілермен 1,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек
- музей қызметкерлерінің нұсқауларын орындауы тиіс.
Келушілер жоғарыда көрсетілген әрекеттерді сақтамаған жағдайда музей қызметкері қауіпсіздікті қамтамасыз етуге,
сондай-ақ келушілердің болуына және бұзушыны музей ғимаратынан шығаруға бағытталған шараларды қолдануға құқылы.