АраласуЖаңалықтар

10 сәуірде Невзоровтар отбасы музейінде өнер сүйер жастар клубының алғашқы кездесуі өтті.

Осы кездесу аясында біз қонақтарымызды музеймен таныстырғымыз келді, бірақ басқа жағынан. Әдетте, танылмаған жағынан. Өйткені, кейбіреулер музейді тыныс-тіршілігі бірқалыпты және айтарлықтай жаңалықтар бола бермейтін тыныш орын деп санайды. Көрме, залдардағы экспонаттар — бұл айсбергтің «бір басы» ғана. Сондықтан біздің клуб мүшелері музейдің «су астындағы» әлеміне еніп, музейде қандай бөлімдер бар, олардың жұмысы қандай бағытта жүргізіледі, жұмыс мазмұны нені қамтиды деген сұрақтарға жауаптар алды.  Мысалы, экспонаттар қоймада қалай сақталады, температура мен ылғалдылық режимінің қыр-сыры. Ғылыми бөлім қандай зерттеулермен айналысады және әр экспонаттың тарихы кезең-кезеңімен қалай ашылады. Клуб мүшелері суретші-реставратордың шеберханасында және балалар көркемсурет студиясында болды. Тұрақты экспозициядан басқа уақытша көрмелерде өткізілетіндігі жайлы айтылды. Мысалы, біздің Семей қаласының суретшісі Виктор Шмидттің «Түс қажеттілікке айналғанда» атты көрмесі. Бұл көрменің тақырыбы өте өзекті және көрерменді маңызды тақырыптарға ой салуға тартады.

Музей бөлімдерінің жұмыстарымен танысып болған кейін қонақтарды тосын сый күтіп тұрды. Шахали Наргиз (скрипка), Кабдрахманова Диана (виолончель) және Пляскина Оксана (фортепиано) орындауындағы жанды музыканың әуеніне бөлене отырып, әркім өз ішкі сезімімен ұштастыра біле, ләззат ала алды.

Бірінші кездесудің соңында клуб мүшелерінің қысқаша өзара танысуы өтті. Өйткені, біздің аудитория өте әртүрлі жастағы адамдармен және мамандық иелерін қамтыды.

 

Осылайша біздің клуб өзінің алғашқы сапарына бет алды! Ол қандай теңіздерді бағындыруы керек? Жұмбақ! Бұл әсерлі және қызықты бола ма? Кепілдік береміз! Әзірге бізде бортта бірнеше орын бар, оларды алуға асығыңыз (Толығырақ)!

Біздің сайтта сауалнама толтыру арқылы клубқа өтініш беруге болады!