Жаңалықтар

Айналада өте қызықты нәрселер болып жатқан кезде аптап ыстықты елемейсінде. Музейде ығы-жығы! Балалар, ересектер — барлығы жаздың басталуына, бос уақыт күндерге және жаңа мүмкіндіктерге қуануда.

Музей өз тарапынан көптеген қызықты және танымдық нәрселер ұсынады. Бұл әр түрлі тақырыптағы шығармашылық тренингтер, онда балалар ерекше көркемсурет техникаларымен танысады, өз қолдарымен өз туындыларын жасайды; музей залдары бойынша экскурсиялар, жас келушілер музей залдарындағы экскурсоводпен бірге ойша өткен ғасырлар мен елдерге саяхаттап, суретшілердің құпияларын біліп, сонымен бірге өз білімдерімен бөліседі. Ал балалар көп нәрсені біледі! Портрет немесе пейзаж дегеніміз не? Мүсін мен кескіндеменің айырмашылығы неде? Мүмкін, алғыр көрермендерді таң қалдыратын сұрақ жоқ шығар.

Осы қызықты «білгірлер», «жасаушылар», «мүсіншілер» қайдан келді? — Әр түрлі мектептерден. Өйткені, қазір жазғы мектеп жанындағы лагерьлердің уақыты келді, ал музей залдары шулы көңілді жұртшылыққа толы!

Ия, жаз! Ыстық! Музей! Ал, музейде салқын.

Расымен, бұл жерде өте қызықты!