Жыл мезгілдерінің жаңбырлы да суық ауасымен күзі де келіп жетті. Салқындығы болғанымен, табиғат тамаша сары жылы түстерге боялып, көз тартарлық. Өнерлі жандарды шабыттандыра бір белсенділікке шақыруда. Ақындар өлеңдерін жазса, суретшілер қылқаламдарына тыным бермей, палитраны күзгі бояуларға толтыруда
Жерге түскен кілемдей, алуан түсті жапырақтар мен мұндалап тұрғанда, біздің музей де «Күзгі әуен» тақырыбын қозғағысы келді. «Пейзаж» жанрында табиғаттың алуан түрлі көріністерін, қазақстандық суретшілердің репродукцияларымен ұсынып, жылжымалы көрме ұйымдастыруды шешті.
Бұл көрме қаламыздың М.О. Әуезов атындағы педогикалық колледжінде өткізілді. Студенттер қауымына өнер туындыларын ұсынып қана қоймай, олармен «Флористика» техникасында шебер-класстар жүргізіп, жыл мезгілдеріне арналған өлеңдер сайысы да өткізілді. Болашақ жас мамандар табиғи материалдардан (жапырақтардан) тамаша туындылар жасау кезінде, музыка әуендер сүйемелдеуімен ақын студенттер өз өнерлерін көрсетіп, жылы атмосфера орнатты. 17, 38, 48 – топ стунденттері белсенділік танытып, оларға кәдесыйлар мен сертификаттар ұсынылды.
Музей қызметкерлерінің мақсаттарының бірі кез-келген санаттағы адамдарды өнерге баулу, қызықтыру. Сондықтан бұл шараны жарнамалық акция ретінде өткізді.
Оны ұйымдастыруға көмектескен М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің педагог-ұйымдастырушы А.Қ. Нұрлановаға және колледж ұстаздарына музей атынан алғысымызды білдіреміз.