ОМБЫ – СЕМЕЙ. КӨРШІЛЕРІМІЗДЕН ҮЙРЕНЕМІЗ.
Невзоровтар музейінде, 2016 жылдың 22 қарашасында, түрлі-түсті линогравюра техникасы бойынша төрткүндік шеберлік –классы басталды. Ұйымдастырушылар тренер ретінде Саниндер атындағы №1 балалар көркемсурет мектебінің директоры ВАЛЕРИЙ ТИМОФЕЕВТІ шақырды. Ал, практикалық сабақтардың тыңдаушылары ретінде сурет, кескіндеме колледжінің оқытушылары мен өнер мектептерінің мұғалімдері, сондай-ақ Невзоровтар атындағы музейдің көркем студиясының жас дарындары мен Семей қаласы оқу орындарының факультеттері және…