Невзоровтар музейінде, 2016 жылдың 22 қарашасында, түрлі-түсті линогравюра техникасы бойынша төрткүндік шеберлік –классы басталды. Ұйымдастырушылар тренер ретінде Саниндер атындағы №1 балалар көркемсурет мектебінің директоры ВАЛЕРИЙ ТИМОФЕЕВТІ шақырды.
Ал, практикалық сабақтардың тыңдаушылары ретінде сурет, кескіндеме колледжінің оқытушылары мен өнер мектептерінің мұғалімдері, сондай-ақ Невзоровтар атындағы музейдің көркем студиясының жас дарындары мен Семей қаласы оқу орындарының факультеттері және шығармашылық бөлімшілердің студенттері шақырылды.
Төрт күн бойы қатысушылар линолеум бетінде гравюралар орындау кезеңдеріне арналған теориялық және практикалық шеберлік-класс өтеді . Олардың әрқайсысына атақты кескіндемешілердің жұмыстарының фоторепродукциялары табыс етілді: Гоген, Шагал, Пикассо, т. б., олардың көркем бейнеленген стильінде Семей қаласының бейнесін түсіру үшін. Фотосуретті әркім жеке таңдауы бойынша алды.
В.Тимофеев былай дейді: – «осы графикалық өнер түрі әр түрлі жастағы балалар жасына ең қолжетімді және тартымды. Мұндай линолеум тәрізді материалмен, тіпті офорттік станоктың болмаған жағдайында бедерлемелерді жасауға болады».
Айта кетейік, Валерий Валентинович Тимофеев Семей қаласының тумасы, кескіндемеші. Қазіргі кезде, 15 жылдай Омбы қаласында тұрып және Омбы көркемсурет мекбетінде жұмыс істейді.
Тренингқа қатысушылар: №1, 2, 20 мектеп және «Семей» колледжінің, балалар көркемсурет мектебінің мамандары.