Киселев Александр Александрович «Тоғанда»
Біздің музейде көрерменнің назарын аудартатын сурет сақталуда. Қарапайым ағаш айлақта, биік шөптер мен ағаштар арасында тұрған қайығы бар батпақты тоған өте қызықты және жайлы болып көрінеді. Барлық табиғат найзағайды күтуде тым-тырыс қалыпта. Аспанды қара бұлттар басты, бірақ бұлт арасынан қызыл күрең күн сәулесін көруге болады.Су бетіне ағаштардан қалың көлеңке түсіп тұр. Тек жапырақтар дірілі мен…